Сіз не дейсіз?

Қазаргі заман суретшісі Нұрбосын

Нұрбосын ӨРІСҰЛЫ Қазақстанның танымал сүретшілерінің бірі. Өз өнерімен өзге елді таңғалдырған суретші, әдеттегідей ізденіс үстінде. Бүгінгі таңда суретшінің «Антистресс» жобасы үлкен сұранысқа ие болып отыр. Бұл жоба арқылы шебер қандай ойды жеткізгісі келеді? Қазіргі заман өнері қазақстандықтар арасында қаншалықты танымал? Бұл өнер сұранысқа ие болу үшін не істеу керек? Бұл туралы әңгіме суретші Нұрбосын ӨРІСҰЛЫМЕН болады.
VIDEO

Қазақстандық телеарналар жайында

Мемлекеттік телеарналар сынға алынғаннан бері бұл салада кейбір өзгерістер пайда бола бастады. Кейбір арналар ескі бағдарламалардың орынына жаңа бағдарламалар шығарып жатыр, ал екіншілері арнайы теле -радиоиндустрияны дамытуға арналған қауымдастық құрды. Жалпы жиі сыңға алынатын Қазақстанның мемлекеттік телеарналары көрерменін қалай көбейтеді? Телеарналарда пайда болған жаңа бағдарламалар мен жаңа жүргізушілер бұл жағдайға қалай ықпалын тигізе алады? Бұл туралы әңгіме саясаттанышу Мұхит АСАНБАЙМЕН болады.
VIDEO

Латын әліпбиі тағыда сөз болды

Көкектің 16 күні Мұхтар Шаханов бастаған зиялы қауым өкілдері мен бір топ сарапшылар Алматыда бас қосып, латын әліпбиі төңірегінде әңгіме қозғады. Латын әліпбиіне көшуді қолдап жүр кейбір сарапшылар бұл шараға келмей қалды. Оның себебін ұйымдастырушылардың өздері білмеді.
VIDEO

«ДАТ» газетіне 15 жыл

Осыдан 15 жыл бұрын тәуелсіз Қазақстан тарихында алғашқы оппозициялық басылым дүниеге келді. Бұл басылымды газетті шығарушылар «ДАТ» деп атады. Халық сүйіспеншілігіне ие болған басылым бір жылға толмай жабылып қалды. Оның себебі неде? Бірінші оппозициялық газетті кімдер және қалай дүниеге әкелді? Бұл туралы газеттің бас редакторы Шаріп ҚҰРАҚБАЕВ және оның орынбасары болған Ораз ӘЛIМБЕКОВ айтып береді.
VIDEO

Жас оқырман қандай?

Мамандардың айтуынша, Қазақстан жастары арасында көркем әдебиетке деген сұраныс азайғанымен білімге деген қызығушылық төмендеген жоқ. Бұл туралы бізге С. Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасының директоры София РАЕВА айтып берді. Жалпы Қазақстан жастары қандай кітапті оқығанды ұнатады? Оқырманның санын көбейту үшін қоғам не істеу керек? Бүгінгі таңда шығып жатқан кітаптар сапасы қандай? Жас оқырманға не жетіспейді? Бұл туралы әңгіме София РАЕВАМЕН болады.
VIDEO

Ұлттық-патриоттық ұйымдардың болашағы туралы

Қазақстан тәуелсіздігін алғалы бері көптеген ұлттық-патриоттық ұйымдар дүниеге келді. Халық мүддесі үшін жұмыс жасаймыз деп, ашылған қозғалыстар бүгінгі таңда халық арасында беделге ие емес. Оның себебі неде? Қазақстан тарихында дүниеге келген ұлттық-патриоттық қозғалыстар мен ұйымдардың неге ауызбіршілігі жоқ? Бұл ұйымдардың болашағы қандай? Олардың бірлікпеуіне не себеп? Осы жайында әңгіме танымал қоғам қайраткері Жасарал ҚУАНЫШӘЛИНМЕН болады.
VIDEO

Қазақ Наурызы қандай?

Қазақстандықтар Наурыз мейрамын тойлай бастады. Мәдениеттанушылардың пікірінше, қазақстандықтар бір-екі жылда бұл мейрамның мағынасын түсініп, ескі дәстүрлерді жандандыратын болады. Негізінен мамандардың бұл шараның өту шарасына көңілдері толмайды. Оның себебі неде? Ежелден келе жатқан Наурыз мейрамын қазіргі заман қазақтары қаншалықты дұрыс тойлайды? Бұл мейрамның мағынасы қандай? Наурыз мейрамы барысында қандай дәстүрді сақтап, жандандырған дұрыс? Бұл туралы әңгіме мадениеттанушы Әуезхан ҚОДАРМЕН болады.
VIDEO

Ауылдан құт қашады бара - бара

Мамандардың айтуынша өткен қыс ылғалға мол болды. Енді көктем, жаз маусымдары қолайлы болса, жыл ауыл шаруашылығы үшін жаман болмайды. Алайда академик, «Ауыл» партиясының жетекшісі Ғани ҚАЛИЕВ ауылды көтеру үшін көптеген жұмыс жасау керектігін айтады. Ауыл шаруашылығының бүгінгі жағдайы қандай? Бар мәселелерді шешу үшін не істеу керек? Бұл жайында әңгіме Ғани ҚАЛИЕВПЕН болады.
VIDEO

Естайдың өнері

Наурыздың 27 күні Астанада зергер әрі мүсінші Естай ДАУБАЕВТЫҢ «Ұсталық ұрланбайтын қасиет» атты жеке көрмесі өтеді. Бұл шара Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің музейінде ұйымдастырылады. Естай ДАУБАЕВ осы уақытқа дейін 20-дан астам көрмеге қатысып, өз өнерімен Қазақстанды өзге елдерге таныта білген тұлға. Қазақ мәдениетінде ерекше орын алатын зергерлік өнер бүгінгі таңда қандай деңгейде? Бұл өнерді одан әрі дамыту үшін қандай қадам жасау керек? Естай ДАУБАЕВПЕН болатын әңгіме осы жайында.
VIDEO

Қазақстандық телеарналар көрерменін қалай көбейте алады?

Наурыздың 8 күні «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының қызметін бастағанына 55 жыл толады. Осы уақыт аралығында бұл арна талай рет өзгеріп, талай рет жаңартылды.Ұлттық арна бастаған Қазақстан телеарналарының бүгінгі деңдегі қандай? Неге қазақстандық телеарналарда халықты қызықтыратын бағдарламалар жоқтың қасы? Жағдайды қалай өзгертуге болады?Бұл туралы әңгіме танымал журналист Ғалия ӘЖЕНОВАМЕН болады.
VIDEO

Страницы