Сіз не дейсіз?

Қазақстандық телеарналар көрерменін қалай көбейте алады?

Наурыздың 8 күні «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының қызметін бастағанына 55 жыл толады. Осы уақыт аралығында бұл арна талай рет өзгеріп, талай рет жаңартылды.Ұлттық арна бастаған Қазақстан телеарналарының бүгінгі деңдегі қандай? Неге қазақстандық телеарналарда халықты қызықтыратын бағдарламалар жоқтың қасы? Жағдайды қалай өзгертуге болады?Бұл туралы әңгіме танымал журналист Ғалия ӘЖЕНОВАМЕН болады.
VIDEO

Қазақстандықтарды саясаттан бұрын әлеуметтік мәселелер толғандырады

Қазақстандықтар Кедендік және Еуразиялық одақ жайында не ойлайды? Соңғы 5-6 жылда қазақстандықтардың көңіл-күйі қалай өзгеріп отыр? Бүгінгі таңда оларды жиі толғандыратын мәселелер қандай? Бұл жайында әңгіме «Стратегия» зерттеу орыталығының маманы Серік БЕЙСЕМБАЕВПЕН болады.
VIDEO

Қазақстанның мүддесі

Қазақстан қоғамында жиі көтерлетін Кедендік және Еуразиялық одақ жайындағы әңгіме күні бүгінге дейін қазақстандықтар арасында түрлі пікір тудырып отыр. Саясаттану ғылымының кандидаты Мұхит Асанбай бұл бастаманың Қазақстанға пайдасынан бұрын зияны көп деп есептейді. Ресми Астана ресми Мәскеумен жақындасса, Қазақстанға қандай зиян келуі мүмкін? Қазақстан өз мүддесін үшін қай бағытты ұстанғаны дұрыс? Бұл туралы әңгіме белгілі саясаттанушы Мұхит АСАНБАЙМЕН болады.
VIDEO

Қазақстан қоғамының бірлігі үшін не керек?

Ақпанның 19 күні Мұхтар Шаханов бастаған зиялы қауым өкілдерінің Қазақстан президенті, премьер-министрі, парламент депутаттары және күллі қазақстандықтарға арналған ашық хаты ресми тілде жарияланды. Бұл құжат «Латын әліпбиіне көшуге қарсымыз!» деп аталады. Хат авторларының бұл пікіріне «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары, белгілі ақын Қазбек ИСА қарсы. Оның себебі неде? Қазақстан қоғамын біріктіру үшін не істеу керек? Қазбек ИСА бұл жайындағы ойын арнайы ұйымдастырылған сұхбатта айтты. Алғашында әңгіме «Алаш» партиясының ізбасары атанған «Ақ жол» партиясы туралы болады.
VIDEO

Спорт әлемі

Қазақстан үкіметі мемлекет туын биікке көтеретін елшілер қатарын көбейтуді көздеп отыр. Осы мақсатта 24 миллион теңге ақша бөліп, спортты қолдамақшы. Ресми Астананың осы уақытқа дейін, осы бағытта жасаған әрекеттері өз нәтижесін беріп, қазақстандық спортшылар үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Оған 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиадалық ойындар көрсеткіші, түрлі халықаралық жарыстар дәлел болып отыр. 2012 жыл боксер, ауыр атлеттердің ғана жұлдызы жанған жоқ, өткен жыл қазақстандық теннистерге сәтті өтті. Дэвис Кубогының 2012 жылғы қортындысы бойынша, Қазақстанның ерлер құрамасы әлем бойынша 8 орынға ие болды.Мамандар бұл көрсеткішті жоғары бағалап отыр. Қазақстандық спорттың болашағы мен қазіргі жағдайы жайындағы әңгіме спорт шолушысы Асхат САҒЫНАЕВпен болады.
VIDEO

Қазақ мақтанышына айналған Майра

2012 жылдың желтоқсанында Майра МУХАМЕДҚЫЗЫ Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасына қайта шықты. Келер жылдың көктемінде Францияның бірнеше қалаларында гастрольдік сапарлары өтеді, бұл сапарға әнші Аида атты қызын бірге алып жүреді. Әлемге танымал әнші өз Отанындағы жұмыс сапасына риза ма? Көрермен деңгейі оның көңілінен шығады ма? Бұл туралы әңгіме Майра МУХАМЕДҚЫЗЫМЕН болады.
VIDEO

2012 жылы Қазақстан қол жеткізген жетістіктер мен жіберген кемшіліктер

2012 жыл Қазақстан үшін қандай жыл болды? Қандай жетістіктерге қол жеткізіп, қандай кемшіліктерді басынан кешірді? Қазақ зиялылары Жаңаөзен оқиғасына байланысты неге үнсіз қалды? Бұл жайында жазушы, драматург Дулат ИСАБЕКОВ баяндайды.
VIDEO

«Бибігүл Төлегенова: сүю, сену және үміттену» атты кітап дүниеге келді

Желтоқсанның 19 күні қазақ бұлбұлы Бибігүл Төлегенова туралы кітап оқырман назарына ұсынылды. «Бибігүл Төлегенова: сүю, сену және үміттену» атты кітаптың авторы Ирина Серкебаева. Бала кезінен Бибігүл Ахметқызын жақсы білетін Ирина Серкебаева өз туындысын әншінің әңгімелеріне сүйене отырып жазған. Кітапта қазақтың мақтанышына айналған әншінің балалық шағы, өмір және өнер жолында кездескен қиындықтары мен қуанышты сәттері сипатталған. Болашақта кітап авторы Ирина Серкебаева Болат Аюханов туралы кітап жазуды жоспарлап отыр. Бір мың данамен шыққан кітап болашақта қазақ және ағылшын тілдеріне аударылады деп, күтіліп отыр.
VIDEO

Қазақстан жастары арандатушыларға қарсы шығып отыр

Қазақстанның бір қатар жастар қозғалыстары мен ұлттық-патриоттық ұйымдары арандатушы шараларының алдын алғысы келіп отыр. Осы мақсатта олар желтоқсанның 14 күні арнайы мәлімдеме жасады, басты мақсат мемлекеттегі тұрақтылық үшін күресу. Патриот жастардың әрекеті жайында "Болашақ" республикалық қозғалыс жетекшісі Дәурен БАБАМҰРАТОВ баяндайды.
VIDEO

Желтоқсан айында жиі тоңатын Хасен Қожахмет

Санаулы күндерден кейін 1986 жылы орын алған Желтоқсан толқуына 26 жыл, ал Жаңаөзен оқиғасына 1 жыл толады. Осыған байланысты түрлі қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар арнайы ас беріп, қайғылы оқиғалардың құрбандарын еске алады. Жалпы Қазақстан қоғамы осы оқиғаларда зардап шеккендерді естен шығармау үшін не істеу керек? Желтоқсан белсенділерінің бүгінгі жағдайы қандай? Желтоқсандықтар өз ара неге тату емес? Бұл жайында танымал қоғам қайреткері, диссидент Хасен Қожахмет әңгімелейді.
VIDEO

Страницы