Сіз не дейсіз?

2012 жылы Қазақстан қол жеткізген жетістіктер мен жіберген кемшіліктер

2012 жыл Қазақстан үшін қандай жыл болды? Қандай жетістіктерге қол жеткізіп, қандай кемшіліктерді басынан кешірді? Қазақ зиялылары Жаңаөзен оқиғасына байланысты неге үнсіз қалды? Бұл жайында жазушы, драматург Дулат ИСАБЕКОВ баяндайды.
VIDEO

«Бибігүл Төлегенова: сүю, сену және үміттену» атты кітап дүниеге келді

Желтоқсанның 19 күні қазақ бұлбұлы Бибігүл Төлегенова туралы кітап оқырман назарына ұсынылды. «Бибігүл Төлегенова: сүю, сену және үміттену» атты кітаптың авторы Ирина Серкебаева. Бала кезінен Бибігүл Ахметқызын жақсы білетін Ирина Серкебаева өз туындысын әншінің әңгімелеріне сүйене отырып жазған. Кітапта қазақтың мақтанышына айналған әншінің балалық шағы, өмір және өнер жолында кездескен қиындықтары мен қуанышты сәттері сипатталған. Болашақта кітап авторы Ирина Серкебаева Болат Аюханов туралы кітап жазуды жоспарлап отыр. Бір мың данамен шыққан кітап болашақта қазақ және ағылшын тілдеріне аударылады деп, күтіліп отыр.
VIDEO

Қазақстан жастары арандатушыларға қарсы шығып отыр

Қазақстанның бір қатар жастар қозғалыстары мен ұлттық-патриоттық ұйымдары арандатушы шараларының алдын алғысы келіп отыр. Осы мақсатта олар желтоқсанның 14 күні арнайы мәлімдеме жасады, басты мақсат мемлекеттегі тұрақтылық үшін күресу. Патриот жастардың әрекеті жайында "Болашақ" республикалық қозғалыс жетекшісі Дәурен БАБАМҰРАТОВ баяндайды.
VIDEO

Желтоқсан айында жиі тоңатын Хасен Қожахмет

Санаулы күндерден кейін 1986 жылы орын алған Желтоқсан толқуына 26 жыл, ал Жаңаөзен оқиғасына 1 жыл толады. Осыған байланысты түрлі қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар арнайы ас беріп, қайғылы оқиғалардың құрбандарын еске алады. Жалпы Қазақстан қоғамы осы оқиғаларда зардап шеккендерді естен шығармау үшін не істеу керек? Желтоқсан белсенділерінің бүгінгі жағдайы қандай? Желтоқсандықтар өз ара неге тату емес? Бұл жайында танымал қоғам қайреткері, диссидент Хасен Қожахмет әңгімелейді.
VIDEO

Қазақ поэзиясының бүгінгі күйі қандай?

Соңғы 21 жылда қазақ поэзиясы қалай өзгерді? Бұл поэзия оқырман көңілінен шығады ма? Қазақ ақындарының соңғы жылдары жиі жазатын тақырыбы қандай? Поэзия туралы әңгіме танымал ақын, «Мәдениет» журналы бас редакторының орынбасары Мырзан Кенжебаймен болады.
VIDEO

Өз уақыты келгенде «Ордалы жылан» қайта шығады

Үстіміздегі жылы Теміртас Тлеулесовтың дүниеден өткеніне бес жыл толды. Ол тоқсаныншы жылдардың аяғында «Ордалы жылан» және «Шымкентская мафия» атты деректі кітап шығарып, сол кезде және әлі күнге дейін Қазақстанда жоғары билік басында отырған бірқатар лауазым иелерінің сыбайласқан жемқорлық іс-әрекеттерін әшкерелеген болатын. Өмірінің соңғы жылдарын кітап авторы биліктен бой тасалап өткізген еді, себебі заң орындары оған қарсы бірнеше қылмыстық іс қозғаған болатын. Теміртас Тлеулесовтың артында қалған бауырлары болашақта «Ордалы жылан» кітапбін қайта шығарамыз деп, жоспарлап отыр. Бұл туралы әңгіме Теміртас Тлеулесовтың ағасы Мекемтас Тлеулесовпен болады.
VIDEO

Қазақ тілді Интернеттің болашағы қандай?

Мамандар адамзат ойлап тапқан үлкен жетістіктерінің біріне Ғаламторды жатқызады. Жыл сайын Интернет пайдаланушылардың саны өсіп келеді, бұл қатарда қазақстандықтарда бар. Ғаламтор пайдаланушы Қазақстан азаматтарының саны көбейгенімен, қазақ тілді Интернеттің дамуы артта қалып отыр, неге? Бұл туралы әңгіме техника ғылымының докторы, профессор, «КазРЕНА» Қазақстан ғылыми білім беру компьютерлік желісін пайдаланушылар қауымдастығының бас директоры Борис Жапаровпен болады.
VIDEO

Қазіргі заман көшпенділерінің жағдайы қалай?

Үстіміздегі жылы Қазақстан үкіметі шетелден Елге келеміз деген қазақтарға есікті жауып қойды. Оның себебі неде? Жабылған есік қашан ашылады? Сыртта жүрген қазақтардың бүгінгі жағдайы қандай? Көші-қон саласында бар мәселені қалай шешуге болады? Бұл туралы әңгіме танымал жазушы Қабдеш Жұмаділовпен болады.
VIDEO

Қазақстандық БАҚ-тың бағы қашан ашылады?

Баспасөз бостандығын қорғаумен шұғылданатын ұйымдар Қазақстанда журналистер жұмыс барысында түрлі қиындықтарға тап болатынын атап өтті. Сол себептен Қазақстан сөз бостандығына кедергі келтіретін елдер қатарында тұр. Бұл елдің журналистері қысымға тап болмас үшін не істеу керек? Бұқаралық ақпарат құралында бар мәселені қалай шешуге болады? Бұл жайында саясаткер әрі журналист Әміржан Қосановпен сұхбатта айтылады. Әңгіме Еуразиялық медиафорумнан басталады.
VIDEO

Сегіз қырлы бір сырлы Бахтияр Қожа

Танымал театр және кино актері Бахтияр Қожаның ел біле бермейтін арманы бар. Ол Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры дәрежесінің көтерілуін тілейді. Сонда сахна өнеріне жан-тәнімен берілген мамандардың мәртебесі көтеріледі, -дейді ол. Осы театрда көп жылдан бері қызмет етіп келе Бахтияр Қожа өнер жолын қалай таңдады? Көрерменнің сүйіспеншілігіне ие болу үшін актер қалай еңбектену керек? Осы жолды таңдағаны үшін Бахтияр Қожа өкінді ме? Бұл туралы әңгіме танымал актермен болады.
VIDEO

Страницы