Сіз не дейсіз?

Үкімет пен оппозиция бас қоса ма?

Жармахан Тұяқбай басқаратын оппозиция өкілдері арнайы Құрылтай өткізуді жоспарлап отыр. Бұл шара барасында Қазақстан оппозициясы мемлекеттегі өзекті мәселелерді талқылауды көздейді. Осы мақсатта арнайы жұмыс жасалып, дайындық жүргізіліп жатыр.Үкімет өкілдері оппозиция ұсынысын қаншалықты қабылдайды? Құрылтайда қандай мәселелер көтеріледі? Бұл туралы әңгіме Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясының жетекшiсi Жармахан Тұяқбаймен болады.
VIDEO

Қазақстан спортшыларының жоспарлары мен мақсаты

2012 жылы Лондон қаласында өткен Олимпиадалық ойындар Қазақстан үшін жемісті болды. Бұл жетістік қазақстандықтарға жаңа талап қойып отыр. Төрт жылдан кейін өтетін жаңа сайыс нәтижелі болу үшін не істеу керек? Спортшылардың көрсеткішін жақсарту үшін қандай жағдай жасалу қажет? Бұл туралы әңгіме Республикалық спорт колледжінің жетекшісі Амалбек Тшановпен болады.
VIDEO

Ғаламтордағы қазақ сайттарының сапасы қашан көтеріледі?

Жыл сайын Қазақстанда Ғаламтор пайдаланушылардың саны өсіп келе жатыр. Үстіміздегі жыл бұл көрсеткіш ресми мәліметтер бойынша, 40 пайызға көтерілген. Дегенімен, Интернет пайдаланушылардың саны көбейгенімен, Ғаламтордағы қазақ тілді контенттің сапасы жақсармай отыр. Оның себебі неде? Ғаламтордағы қазақ тілді дамыту үшін не істеу керек? Қазақ тілді сайттардың саны қашан көбейіп,сапасы жақсарады? Бұл жайында әңгіме танымал журналист Ораз Әлімбековпен болады.
VIDEO

Қазақ киносы жайында

Қырқүйектің 17-22 аралығында Алматыда Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталады. Бұл күндері ТМД елдерінің, Еуропа және Азия мемлекеттерінен келген мамандар мен көрермендер назарына қазақстандық 12 фильмді ұсынылады, оның 7 жаңа шыққан фильмдер. Танымал кинорежиссер, жазушы Сатыбалды Нарымбетовтың айтуынша, бұл шара барасында қазақстандықтар «Қазақфильм» студиясында жасалып жатқан жұмыстан хабардар болады.
VIDEO

Өнер жолы – қиын жол

Қазақ әні жастар арасында кеңінен тарау үшін арнайы идеология қажет деп, санайды Қазақстанның халық әртісі, күміс көмей әнші Мақпал Жүнісова. Сонда әңшінің пікірінше, қазақ эстрадасының бағы жанып, Батыс елдеріне еліктейтін жастар саны азаяды. Қазақ сахнасында 30 жылдан астам уақытай өңер көрсетіп жүрген тұлғамен болған сұхбатта әңгіме әнші және қазақ әндері жайында болады.
VIDEO

Журналистика сапасын жақсарту үшін Қазақстанға арнайы кодекс керек пе?

Қазіргі кезде Қазақстан үкіметі журналистік қоғамдық ұйымдармен бірлесіп журналистік этика кодексі туралы жобаны әзірлеп жатыр. Журналисттердің бұл кодекске деген көзқарастары әртүрлі. Қабылданатын кодекс қандай болады? Мұндай құжат қаншалықты қажет? Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарының бүгінгі жағдайы қандай? Танымал журналист, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіппен әңгіме осы жайында болады.

Астық неге аз болады?

Қазақстанның сегіз облысындағы мамандар егінді жинай бастады. Ресми мәліметтер бойынша, 2012 жылы астықтың көлемі орташа жылдық деңгейде болады. Бұл өткен жылмен салыстырғандай айтарлықтай аздау. Ауыл шаруышылығының мамандары мұны ауа-райының қолайсыздығымен түсіндіріп отыр. Алайда сарапшылардың пікірінше, астықтың аз болуына тек табиғат кінәлі емес. Бұл жайында әңгіме Қазақстанның бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі, мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаевпен болады.

Рамазан айындағы дін туралы ойлар

Жыл сайын Қазақстанда дінге бет бұрып келушілердің саны көбейіп келе жатыр. Ораза айында мұсылман парызын орындаушылар қатарыда толығып келеді. Табиғатынан ислам дініне жақындығы аздау қазақстандықтар діни экстремизмге қалай қарсы тұра алады? 2011 жылы орын алған террористтік шабуылдардың алдын алу үшін не істеу керек? Бұл жайында әңгіме танымал журналист, «Түркістан» газетінің редакторы Шәмшидин Паттеевпен болады.

Қазақстан спортшылары 3 алтынға ие болды

31 шілде күні Қазақстан спортшылары тағы бір алтын медальға ие болды. 63 кг салмақ бойынша сайысқа шыққан қазақстандық ауыр атлет Майя Манеза олимпиада рекордын жаңартып, алтын медаль алды. Қазіргі кезде Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте алтыншы орынға шығып отыр. Республика спортшыларынан күтер үміттері мен қазақстандық спорттың жағдайы жайында әңгіме спорт журналисі Руслан Бахытжанмен болады.

Қазақтың ақыны Надежда Лушникова

Үстіміздегі жылы қазақтың айтыскер ақылы Надежда Лушникова 72 жасқа толады. Ақын бүгінгі айтыс жайында не ойлайды? Зейнетке шыққаннан кейін Надежда Лушникова немен шұғылданып жүр? Осы жайында әңгіме ақынмен болады.

Страницы