Оразымбет Әлімбеков. ТОЗАҚҚА БАРАТЫН ЖОЛ НЕМЕСЕ МЕНІҢ АҒАМДЫ НЕГЕ ЖЫНДЫХАНА-«ПСИХУШКАҒА» ҚАМАМАҚШЫ?

Осыдан үш ай бұрын «ұлттық және діни араздықты қоздырды» деп қамауға алынған менің ағам философ ғалым Нұрлан Әлімбековты «психушкаға» қамамақшы. Менің ағамның шынында да есі ауысқан ба? Қоғамға қауіпті ме? Міндетті түрде оны адам жегіштер мен жауыз маньяктарды қамайтын Ақтастағы «психушкаға» апарып емдеу керек пе? Ол не бүлдіріп қойып еді? Ағамның қоғамдық қорғаушысы болып жүрген мен үшін бұл сұрақтардың басы ашық.

Прокурор мен ҰҚК офицерлерін түрмеге отырғызуға бола ма?
«Заң алдында бәрі бірдей». Егер осы принцип тұрғысынан қарасақ, әрине, болады. Бірақ дәл осы жағдайда олай болмай тұр.
 Менің ағам заң бұзған жоқ: ешкімді өлтірген жоқ, ешкімді ұрып соққан жоқ, айналасындағы адамдардың тыныштығын бұзып шу шығарған жоқ. Ол ғылыммен шұғылданды, өзі түйген пікірлерін хат арқылы жазып Ресейдегі, шетелдегі ғалымдармен пікір алмасып тұрды. Ал Оңтүстік Қазақстан облыстық ҰҚК оның электронды поштасын ақтарып, оның жеке адамға жазған хаттары негізінде қылмыстық іс қозғады. Оған тағылған айып – негізсіз. ҚР Конституциясының 18-бабы бойынша әрбір азаматтың хат жазуына құқы бар және құпиялылығы сақталады. ҚР Қылмыстық кодексінің 164-бабының 1-бөлімі бойынша ұлттық, діни араздықты қоздыруға бағытталған әрекеттер бұқаралық ақпарат құралдарын қолданып жасалса ғана қылмыс болып саналатыны айтылған. Соған қарамай ҰҚК азаматтың жеке электронды поштасын көпе-көрінеу бұқаралық ақпарат құралының түріне жатқызып, заңсыз әрекет жасады. ҰҚК нің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі подполковник Т.Тұрмановтың сауатсыздығынан туған осындай заңсыз әрекетті облыстық прокуратура қолдап Н.Әлімбековті қамауға алуға санкция берді. Енді бұл іс үшін тек Т.Тұрманов қана емес облыс прокурорының бірінші орынбасары Б.Есенбеков пен ҰҚК бойынша прокурор Г.Журавлев мырза да жауапты. Олардың бәрі ескегін жоғалтып алған қайықта бірге кетіп бара жатыр. Жіберген қателігін мойындап, кері қайтар жолы жоқ. Қылмыстық істегі айыптау базасы негізсіз болғандықтан, Н.Әлімбековтің «жасаған қылмысын» сот алдында дәлелдей алмайтындықтан, олар өзіндік тактикаға көшті. Ең оңай вариант   дәрігерлерге қысым көрсету арқылы (ол жайында кейінірек айтамын) Н.Әлімбековті «психушкаға» тығып, жоқ қылу. Адам жоқ болса, проблема да жоқ. Әйтпесе, заң бойынша екі прокурор мен бірнеше комитетші шен шекпенінен айырылады. Тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Екіншіден, менің ағамды қамауға алған кезде ҰҚК қызметкерлері ұрып соқты, қылқындырды, тістерін қағып алды, қабырғасын сындырды. Рас, тергеуші Т.Тұрманов менің ағама қол тигізген жоқ, бірақ қызықтап қарап тұрған. Осының бәрі дәлелденсе, адамға зәбір көрсеткені үшін Т.Тұрманов та жауапкершілікке тартылады. Сондықтан ол және осы іске қатысты адамдар қылмыстық істі сотқа жеткізбеудің барлық амалын жасап жатыр.
 
Шымкентте өлген Гиппократ немесе менің ағамның қабырғасын алмастырып қойған кім?
Менің ағамды қамауға алу кезінде де, тергеу изоляторында отырғанда да ОҚО ҰҚК нің қызметкерлері Қылмыстық іс жүгізу кодексінің талаптарын өрескел бұзған. Қамауға алуға келгендерін айтпаған, «Алматыдан іздеп келген достарыңбыз» деп, алдап әкеліп машинаға салып, ұрып соққан. Машинаның ішінде тістерін, тергеуші Т.Тұрмановтың кабинетінде қабырғасын сындырған. Осы тұста мына бір детальді айта кеткен жөн. Опертоптың басшысы майор Омаров тергеушінің кабинетіне алып келе жатып Нұрланнан бұрын қабырғасының сынған сынбағанын сұрайды. «Бала кезде мына қабырғам сынған еді» деп сол бүйірін көрсете салады. Ұрып соғудан әбден зәрезап болған ол «Осылай айтсам аяушылық білдіретін шығар» деп ойлаған. Бірақ оны қулығы іске аспай қалды. Тергеушінің кабинетінде алып келген соң майор Омаров ағамның дәл сол бүйірінен тепкілеп, қабырғасын сындырған. Ағам ОҚО ҰҚК тергеу изоляторында жатқанда да прапорщик И.Фарузев те әдейі сол қабырғадан тепкен.
Тергеуші Т.Тұрманов Нұрланның қабырғасы сынғанын барын салып жасыруға тырысты. Өйткені, бұл факті анықталса, жарақат жеңіл дене жарақаты емес, орта дәрежеге жатататын еді.
Тергеуші Т.Тұрманов алғашында ағамды рентгенге түсіруді сөзбұйдаға салып созып келді. Он күн өткен соң облыстық тубдиспансерге апарып өткізді. Ондағы дәрігер «Қабырғасы сынбаған, аздап майысқан» деген анықтама берді. Менің ағам изолятор күзетшілері мен қамауда бірге жатқан адамдардың алдында жоқты «бар» деп айтатын арызқой-жалақордың кейпін киіп жүрді.
Нұрланды Алматыдағы психдиспансерге апарар кезде оны Әділет министрлігіне қарайтын Шымкенттегі тергеу изоляторына ауыстырды. Біз – қорғаушылар оған медициналық көмек көрсету керектігін айтып, оның қабырғасын қайтадан ренгтенге түсіруді өтіндік. Мұны азаматтық ауруханада жасау керектігін айтқанмен, тергеу изоляторының медициналық бөлімінің бастығы майор Қайыржан Құрбанов өздерінде оңтүстік кореялық аппарат бар екенін айтып болмады. Түсірді. «Қабырғасы сынбаған, сап сау» деген анықтама жазып, пленкамен қоса іске тіркеп қойды. Өзі майор ғана емес емдеуші дәрігер мамандығы бар азаматтың сөзіне сенбеу біз үшін қиын болатын. Бұдан кейін Нұрланның адвокаты М.Бектасовтың да, туған інісі менің де көңілімде ағама деген сенімсіздік күдік ұялағаны жасырын емес. Осылайша Нұрланды этаппен Алматыға жеткізді. Алматыдағы СИЗО ға алып келген соң ол жерде де ренгтенге түсірді. Бірақ бұл жолы қандай қорытынды жасалғаны біз үшін белгісіз. Өйткені, менің ағам бұл тергеу изоляторында «квартирант», басқаша айтсақ «транзит» статусында болды. Сондықтан олардан бір нәрсе сұрау, білу қиын еді. «Транзит» болғандықтан, оған тіпті киім немесе тамақ беруге болмайды. Психдиспансерге кезек күтіп жатқан бұл изоляторда ағаммен мен бірнеше рет кездестім. Ол қабырғасының ауырып жүргенін, бірнеше рет қабырғасы өкпесін қысып талып қала жаздағанын, ұйықтағанда сол қолын жоғары көтеріп, бір нәрседен ұстап бір жамбастап жататынын айтты. Түрмеде медициналық көмек болмайтынын әбден түсінген біз Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты республикалық психдиспансерден көп үміт күттік. Онда ауыстырардың алдында РНПЦПНП ның директоры С.Алтынбековке және соған қарасты СПЭК тің меңгерушісі Н.Негайға жолығып, ағамды медициналық тексеруден өткізуін, қабырғасын рентгенге түсіруін өтіндім. Олар келісім берді. Бірақ бір ай бойы онда тіс дәрігері де, рентгенотолог та демалыста болған. Н.Негай хирургты шақыртып, ағамның қабырғасын көрсеткен. Хирург қолымен сипап көріп, ағама 16 пенициллин салу керектігін айтқан. Мұның не мақсатта жасалғаны туралы сәл кейінірек айтатын боламын.
СПЭК СИЗО дан да жаман – тексеріліп жатқан адаммен ешкімді жолықтырмайды, тіпті адвокатты да – заңы солай. Бір айлық тексеруден кейін ағамды Шымкентке этаппен қайтару үшін Алматының СИЗО сына ауыстырды. Барып кездестім. Қабырғасы ауырып қиналып жүргенін айтты. Мен мекеме басшылығына барып медициналық көмек беруін өтіндім. Олар  ағамның Шымкентте түсірілген қабырғасының пленкасын қолдарына алып қарады. «Сап сау, сынбаған, бірақ ағаңыз темекіні шамадан тыс көп тартады екен» деді. Мен ағамның темекі тартпайтынын айттым. Олар маған қарап күлді, қолдарындағы пленканың темекі тартатын адамдікі екеніне толық сенімді екенін айтты.
Ағамды этаппен құрт ауруына шалдыққан сотталғандармен бірге қалай тасығанын, Шымкентте қалай қарсы алғанын бұл жерде айтып жатпай-ақ қояйын. Қысқасы, оны Шымкенттегі Әділет министрлігінің СИЗО сына қайта алып келді. Адвокат М.Бектасов екеуміз әупірімдеп жүріп азаматтық ауруханаға алып шығып, рентгтенге түсіруге рұқсат алдық.  Рұқсат алғанымызбен, оны жүзеге асыруға үш күн кетті: бірде конвой жоқ-мыс, бірде санитарлық бөлімнің бастығы майор Қ.Құрбанов жоқ-мыс немесе оның қолы тимей жатыр-мыс. Әйтеуір 13-қараша күні сағат 16-00 шамасында ағамның екі қолына екі кісен салып, оны екі күзетшінің қолына байлап және оған тағы екі офицер қосылып, облыстық ауруханаға алып келді. Санчастің бастығы Қ.Құрбанов өзі бармай орынбасары лейтенант О.Медетовті жіберді. Олармен бірге мен бардым. Рентгенге түсірді. Бәріміз қарап тұрдық. Пленканы облыстық аурухананың дәрігері, рентгентология бөлімінің меңгерушісі  А.Н.Ли қарап, бірінші О.Медетовке содан соң маған сынған қабырғаны көрсетті. Сынық үш ай шамасында болғанын айтты. «Срастаюшийся перелом 7-го ребра по передней под мышечной линией. Костная мозоль на месте перелома» деп, анықтама жазып берді.
Мен алғашында медициналық анықтама жасаған погоны бар және погоны жоқ екі дәрігерге қатты ренжідім. Гиппократ пен подполковник Т.Тұрмановты  шатастырып, адасып жүргендеріне ренжідім. Осындай шатасудың нәтижесінде менің ағам қаншама қорлық көрді. «Жалобщик» атанып, кім көрінгенге көзтүрткі болды. ОҚО ҰҚК нің тергеу изоляторында сынық қабырғасы өкпесін, өкпесі жүрегін қысып бірнеше рет талып құлағанда күзетшілердің  «Саған «03» ті шақырайық па?» деген арсыз күлкілі келекесін де есітті. Күндіз жатуға рұқсат бермеді. Қимылдауға шамасы келмесе де «серуендеуге» алып шықты. Қабырғасы ауырып қолын артына қайырып ұстап жүре алмағаны үшін бірнеше рет тепкіге ұшырады. Этаппен Алматыға тасыды. «Сенің қабырғаң сынбаған» деп «душхатаға» тықты. Рас, мұндай қорлықты көріп жатқан жалғыз менің ағам емес. Ондайлар жеткілікті. Бірақ менің білетінім – кезінде бопсалау жасағаны үшін тергеуші Т.Тұрмановтың үстінен қылмыстық іс қозғалып, қамауда болды. Бірақ ол мұндай қорлықты көрген жоқ. ОҚО ҰҚК нің тергеу изоляторынан наркобарон Пратов қашып кетіп, сол күні кезекшілікте болған Т.Тұрмановтың інісіне «қызметте салақтық жасады» деп айып тағылып, қылмыстық іс қозғалғанда, ол да мұндай қорлықты көрген жоқ (кейін ағайынды екеуі де ақталып шықты). Ал менің ағам жазықсыз қамауда қорлық көріп жатыр. Өйткені, ол элиталық құрылым ҰҚК нің офицері емес, жай ғана философ ғалым. Көп адамға оның бары не, жоғы не - бәрібір, ұлттық қауіпсіздікті күзетіп тұрған сақшы емес.

Психиатрлардың орнын ауыстырғанмен, сараптама өзгермейді
Менің ағамды психиатриялық сараптамадан өткізуге себепші болған үш нәрсе бар. Біріншісі – оның өзі. Ол ҰҚК нің қызметкерлері ұрып соққанда мұның заңсыз екенін айтып, қинауды тоқтатуын талап етті. Жалынып, жалбарынған жоқ. Мал емес екенін айтып, азаматтық құқын талап етті. Екіншісі – біздер, Н.Әлімбековтің туысқандары. Тергеуші Т.Тұрмановтың аяғына құлап, кешіруін өтініп, проблеманы «шымкентше» шеше салуға бармадық. Қайта адвокат жалдап, ағамды ұрып соққандарды жазалау үшін арыз жаздық. Қылмыстық істің негізі жоқ екенін айтып, заңсыз қудалауды тоқтатуды талап еттік. Үшіншіден, бұл іс жөнінде алғашқы күннен бастап құқық қорғаушылар ҰҚК нің бұл әрекетін айыптап мәлімдеме жасады, ақпарат құралдарында жазылды. Бұл заңсыз әрекетке «Шымкентте заң емес, чекистер билік құрып тұр», «инакоМыслительный процесс, «юриспруденциядағы жаңалық», «бұл іс осы жылдағы атышулы оқиғалардың бірі болатыны анық» деген баға берілді. «Шымкентше» шешіле салмай, оқиға осылайша өрістеп кеткен соң тергеуші Т.Тұрманов «Н.Алимбеков себя неадекватно ведет» дегенді шығарды. 24-тамызда тергеуші Т.Тұрманов менің ағамды конвоймен Оңтүстік Қазақстан облыстық психоневрологиялық диспансерге апарып сараптамадан өткізді.
Комиссия мынадай қорытынды жасаған болатын: «Амбулаторная судебно-психиатрическая экспертная комиссия приходит к заключению, что у Алимбекова Н.О. обнаруживаются признаки паранойяльного синдрома. Для решения экпертных вопросов его необходимо направить на стационарную СПЭ в судебное отделение РНПЦПНП г.Алматы.
Председатель комиссии:
Эксперт, врач-психиатр высшей категории – Жаманбаев Е.К.
Члены комисси: Эксперт, врач-психиатр высшей категории – Устинова О.Г.
эксперт, врач-психиатр – Игликова М.К.»

Бұл сараптаманың күмәнмен қарайтын бірнеше тұсы бар. Үш беттен тұратын сараптаманың екі жарым беті қылмыстық істегі тергеушінің «шығармашылығынан» тұрады, яғни қылмыстық істен қотарып алынған және ол 24-тамызда емес, бес күннен соң   жазылды. Өйткені, «Н.Әлімбеков қамау кезінде ҰҚК қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, олардың бетінен ұрып жіберіпті» деген сөз осы ресми құжатта алғаш айтылады. Ал ҰҚК нің «таяқ жеген» қызметкерлерінің бетінің сырылғаны туралы меданықтама  27-тамызда жасаған болатын. Менің ағамның чекистерге «қарсылық көрсеткендігін» дер кезінде «ұмытып» кеткен олар үшін медициналық осы құжатқа бір екі сөйлем қосып қою аса маңызды еді.
Бір сағат шамасында болған сараптамалық комиссияға екі психиатр маман қатысқан. Бұл да заңға қайшы – комиссияға кемінде үш сарапшы қатысу керек. Психиатр М.Игликова ханым Н.Әлімбековтен өмірбаянын сұраған. Ал комиссия төрағасы Е.Жаманбаев тап бір қас жауын көргендей айқайға басқан. «Неге қылмыс жасап жүрсің?» деп ақырған. Кейін «Философ, қане, маған лекция оқышы?» деп кекесінге көшкен. Сірә, өзін тергеуші Т.Тұрмановтан бір мысқыл да кем емес екенін ҰҚК нің қызметкерлері алдында көрсетіп қалуға тырысса керек. Ал сараптамаға екінші болып қол қойған жоғарғы санатты дәрігер психиатр Г.Устинова комиссияға қатыспаған. Тіпті ол онда төбе көрсетпеген. Бірақ адамның тағдырын шешетін аса маңызды құжатқа еш ойланбастан қол қоя салған. Дәл осындай өрескелдікке алматылық психиатрлар да барды.
«...Стационарная судебно психиатрическая экпертная комиссия приходит к заключению, что у Алимбекова Н.О. в настоящее время обнаружены признаки паранояльного синдрома ( по МКБ 10- Бредовое расстройство, F22.0) Структура и течение указанного расстройства препятствуют в настоящее время возможности оценить психическоое состояние Алимбекова Н.О. в период, относящийся к инкриминируемому ему деянию. Поэтому ему рекомендуется применение принудительных мер медицинского характера в виде принудительного лечения в психиатрическом стационаре спец. типа с интенсивным наблюдением для уточнения диагностической принадлежности и динамического наблюдения с последующим повторным направлением на СПЭК для решениия экспертных вопросов. Сдедственным органам необходимо предоставить характеризующие сведения об испытуемом со слов родных, близких, жены, сослуживцев.
Председатель психиатр экперт – Ленская И.Г.
Членов комиссии: психиатр эксперт – Негай Н.А.,
Врач докладчик псхиатр эксперт – Сейсебаева Г.Т.»

Рас, сараптамада жазылғандай, комиссия отырысы 28-қазан күні түске дейін өтті. Ағаммен жарты сағат әңгімелескен комиссияға үш психиатр сарапшы қатысқан: И.Ленская, Ж.Татыходжаева және Г.Сейсебаева. Түс қайта ағамды Алматыдағы СИЗО ға ауыстырып жіберді.
Ж.Татыходжаеваның орнына Н.Негайдың қол қоюы сараптама мәтіні тергеуші Т.Тұрмановтың тікелей араласуымен, соның қалауымен  жазылғанын айғақтайды. Алматыдағы СИЗО  29-қазаннан бастап психдиспансерден сараптаманы сұрата бастады. Олар сараптама мәтінінің компьютерде теріліп жатқанын айтып, менің ағамды этаппен Шымкентке жіберетін күн   5-қарашаға дейін дайын қылатынын хабарлады. Мен осы аралықта Н.Негайға барып жолықтым. Ол өзінің меңгеруші ретінде тек әкімшілік жұмыстармен шұғылданатынын, сараптамаға ешқандай қатысы жоқтығын, комиссияның қандай қорытындыға келгенін білмейтінін айтты. Мен 5-қараша күні СИЗО ға хабарласып сараптаманы тағы сұратқыздым. Олар сараптаманы алып кетуге тергеушінің өзі келгенін, соған беріп жіберетінін айтты. Мен сол күні тағы Н.Негайға жолығып, неге сараптаманы жазып бітірмей, уақыт созып, тергеушіні күткенін сұрадым. Ол тағы сараптама үшін комиссия мүшелері жауап беретінін айтып, өзінің басын алып қашты.
Тергеуші Т.Тұрманов Алматыда үш күн болып Н.Негайдың қолы қойылған сараптаманы Шымкентке алып қайтты. Оған Н.Негайдың комиссияға қатысқан қатыспағаны бәрібір болатын, тек Н.Әлімбековті мерзімі жоқ психушка түрмеге жіберетін жолдама қорытынды маңызды еді. Ал Ж.Татыходжаеваның қолы қойылмауының екі себебі болуы мүмкін.
Біріншісі – сараптама жазып болған кезде оны таба алмай қалған болу керек. Өйткені, ол 29-қазаннан бастап еңбек демалысына кетіп қалды. Екіншісі – бейкүнә адамның тағдырын таразылаған күмәнді сараптамаға қол қоюдан бас тартуы мүмкін. Мұның себебі де жоқ емес. Біріншіден, менің ағамды тексеру мерзімінде ҰҚК нің қызметкерлері әлгі мекемеге бірнеше рет келген. Мұны мекеме меңгерішісі Н.Негай да растады. Бір чекист келіп, куәлігін көрсетіп Н.Әлімбековке қатысты шаруасы барын айтып, ірі ірі сөйлеген. Кейде ашық жарқын сөйлесіп, кейде аяқасты бұйығып қалатын Н.Негай менің бұл ақпаратқа аса қызығушылық танытқанымды байқады да, «Мен оған дәрігер сарапшыларға ықпал етуге болмайды» деп, ішке кіргізбей қойдым» деді де оның кім екенін айтпай қойды. Мен Н.Негайдың бетіне қарадым – одан кез келген дүлейге қасқайып қарсы тұратын батырлықты байқай алмадым. Батыр болса, Ж.Татыходжаеваның орнына қол қоймас еді ғой.

Сот психиатриялық зерттеу қалай өтті?
Менің ағам республикалық сот психиатриялық ораталықта (РГКП РНПЦПНП) 1-28 қыркүйек аралығында болды. Заң бойынша бұл мекемеде тексеруден өтушілер де, оларды қарайтын дәрігерлер де қатаң бақылауда болады. Біреумен сөйлесуге тиым салынған. Тексеруде жатқандарға апарылатын тамақтың түрі өте шектеулі. Тіпті оларға тіс щеткасы мен тіс пастасын пайдалануға бомайды. Ауыздарын медбикелердің беретін арнайы сұйықтығымен шаяды. Газет журнал оқуға, теледидар көруге, телофонмен хабарласуға қатаң тиым салынған. Адамдарды тамаққа күндіз үш рет, дәретханаға екі рет алып шығады. Кейде дәрігерлермен әңгімелесуге шақырады. Күні түні алакөлеңке камерада жатады. Кешке есік тарс жабылып, бұрышқа дәрет алатын шелек қойылады. Онысын таңертеңгілік әжетханаға апарып төгеді. Бұл мекеме нұсқаулығы бойынша белгіленген тәртіп. Қамаудағыларға тамақты аз береді. Неге екені белгісіз, ашқұрсақ ұстайды. Тамаққа дәрі дәрмек қоса ма, ол жағы белгісіз.
Ағама алғашқы күннен бастап хирург белгілеген 16 пенициллинді екі ауысымда жұміс істейтін екі медбике сала бастаған. «Олар жамбасыңды тосар тоспаста инені сұға салады. Сондайы дөрекі. Не салып жатқанын да білмейсің инелері дайын тұрады» дейді Нұрлан.
Қазанның 4 і күні таңғы сағат 6 00 шамасында күзетшілер оны тұрғызып ине салатын жерге апарған. Онда бұрын соңды көрмеген жап жас, сыланып сипанған медбике пеницилліннің екі бірдей құтысын столдың үстіне жазуын көрсетіп дайындап қойыпты. Әдетте мұндай «показуха» болмайтын және медбикенің аса биязы кішіпейілдігіне ағам таңданған. Қарсы сұрақ қойып, сенімсіздік білдірудің арты жақсылыққа апармайтынын білетін ол секем алса да көніп жамбасын тосқан. Медбике «Көрдің бе? Мен саған басқа емес, пенициллин салып жатырмын» дегендей пенициллин құтыдан дәріні сорып алып, спиртпен ысқылап, бипаздап ине салған. Ағам орнына барып жатып қалған. Өмірінде алғаш рет ерекше қорқынышты түс көрген. Бірде жолбарыс келбетті мақұлық, енді бірде әрбір молекуласына дейін анық көрінетін жаңбыр жауып тұрған түс көреді. «Әлгі мақұлықтың бетіндегі әрбір түгі бажырайып анық көрінді, оянып кетіп Алладан медет сұрап едім, артынша қорқыныш сейілді» дейді ол. «Күн сайын қандай түс көрдің?» деп бір рет ғана сұрайтын дәрігерлер сол күні «Қорқынышты түс көрдің бе?» деп қайта-қайта сұраған. Ол сол күнгі түсі өзін аздап мазалағанын айтқан. Ағамның айтуы бойынша, сол күнгі медбике одан кейінгі 24 күн ішінде бірде бір рет көрінбеген – ізім ғайым жоғалған.
Осыдан кейін пенициллин салудың реті бұзылған. Бір күні екі рет, кей күні бір рет салып, ақыр соңында межелі санға жеткізбей 11 инеден кейін емдеуді тоқтатқан.
Ағам қараушы дәрігер Г.Сейсебаеваның қабылдауына бір айдың ішінде үш рет барған. Оның бірінде жарық сөніп қалып кездесу басталмай жатып ақ тоқтатылған. Дәрігер көбіне қылмыстық істегі жазбалар туралы сұраған. Осындай сұрақ жауап кезінде ағам дәрігердің дәптерінен өзінің «қазан айының 1 і мен 2 сі күндері демидрол мен анальгин қабылдады» деген  жазуды көріп қалған. Өзінің ондай дәрі ішпегенін айтып, оны не үшін жазып қойғанын сұрағанда Г.Сейсебаева ала көзімен бір қарап, ағамның сұрағын жауапсыз қалдырған.
Психиатриялық сараптаманың экспериментік психологиялық тесті Эльмира атты психолог жүргізген. Алпыс жетпіс сұрақтан тұратын сұраққа «Да» немесе «Нет» деп жауап беру керек болатын. Эльмира «Да» ны «+» , «Нет» ті «-» таңбасымен белгілеу керектігін айтқан. Нұрлан біріншісіне «√», екіншісіне кезкелген таңба қоюды ұсынған. Бірақ Эльмира олай жасамайтынын айтып, тест сұрақтарын өз қолымен толтыра бастаған. Ағамның берген жауабын оның қалай таңбалағаны белгісіз. Сараптаманы дәл осы бөлігі ағамның «психикалық жағдайын» нашар етіп көрсетіп, қорытындының осылай болып шығуына себепші болған. Әрине бұл тесті де, сараптамаға қатысқан адамдарды да, қатысы жоқ болса да қол қойғандарды да сот алдына шақыртып, жағдайдың ақ-қарасынын анықтауға болар еді. Бірақ дәл қазір жағдай басқаша болып тұр. Сот болмайды. Тергеушінің қаулысын облыстық прокуратура қолдаса болғаны – ағамды күштеп емдеуге жібергелі отыр. Бәрі тергеуші Т.Тұрмановтың «сценарийі» бойынша жүзеге асқалы тұр.
Ақыл есі дұрыс, сап сау адамды не үшін күштеп емдемекші?  Өйткені, ақыл есі дұрыс, сап сау менің ағам ҰҚК үшін де, шымкенттік прокурорлар үшін де керек емес. Жауапкершіліктен құтылып кету үшін оларға «есі ауысқан» адам керек болып тұр. Сондықтан да менің ағамды «емдеуге» жіберіп алмақшы. Шындығына келсек, Н.Әлімбеков сот алдында жауап бере алады. Қылмыс істемегенін, ешкімге қиянат жасамағанын дәлелдей алады. Ал тергеуші Т.Тұрманов, прокурор Б.Есенбеков пен Г.Журавлевтің менің ағамның мойнына қойып беретін дәлелді фактісі, сот алдында айтатын сөзі жоқ. Сондықтан олар сап сау адамды “психушкаға” жібергелі жатыр.
Рейтинг: 
Средняя: 3.8 (5 votes)

Комментарии

Макскара гой. Сонда не отызыншы жылдар тагыда байгус казак бастарына пайда болды ма?!

Беспредел конкретный.

Впрочем Дос Кошим предсказывал такой поворот дела. Что его признают "полусумашедшим", суд затянут, а его запрячут с глаз долой и заколют препаратами в дурхате. За это время все позабудудт что был такой чел, философ Нурлан а его выкинут через пару лет на волю невменяемым психопатом. Здравствуй, отрыжка СССР!!!!

Вот суки ссученные

Тогда подполковник Турманов тоже сидел "душхате". Камера №1, сдед. дерь от кабинета "хозяина" СИЗО

ПИздец. нет слов...

Спасиба, читнули... И охуели.

Жуткое письмо. Крик души.

laminating machine, Equipment and Supplies - laminating machine has a wide variety of pouch paper bag machine and roll laminators. Laminating Equipment available at paper bag machine...

Не деген масқара! Ореке, кобалжымаңыз, бар_ Алланың қолында! Туб_ қан ж_бермейд_. Құқық қорғаудағы аты аталған қызметкерлерд_ң барлығының де басына айтеу_р осы кун туар. Немесе балаларына, немере-шоберелер_не осы келед_. Себеб_, кан, адамның көз жасы ж_бермейд_. Ең бастысы - кобалжымаңыз. Б_з с_зд_ң мықты азамат екен_ң_зд_ б_лем_з. Ағаңыз да аман болсын деп т_лейм_з.

Ореке, бер_лмең_з. Б_зд_ң осындай қоғамда ом_р сүр_п отырғанымыздың өз_ қорқынышты. Б_рақ ақыры шындық жеңед_. Осы туралы б_р к_тап жазсаңыз да артымызда келе жатқан ұрпақ оқып, алг_ құқық қорғаушылардың әрекет_не налет айтады ал_!

Таяуда мен_ң де мұғал_м жеңгем б_р топ әр_птестер_мен б_рге парақор директорының үст_нен арыз жазған. Алайда, Түрк_стан қалалық прокурор әлг_ директордың ок_л баласы болып, парақор аман қалмақшы. Оны алдағы күндер_ мен де газетке жазамын. Б_зде ойбай жемкорлықпен күресем_з деп жатады. Оның барлығы Назарбаевтың сценарий_ сияқты. Б_рақ бер_лмеу керек. Түб_ жең_ске жетес_з. Соған т_лектесп_н...