457.61 493.07 4.99

ОДКБ — основа стабильности (каз.)

Ұланғайыр Еуразия кеңістігінде ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа көкжиектері.

 

Бастапқыда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты болып құрылып, 10 жылдан соң толық форматты халықаралық құрылым — Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты ұйымына (ҰҚШҰ) айналған, құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан Республикалары мен Ресей Федерациясы сынды алты мемлекет кіретін Одаққа биыл 30 жыл.  

 

ҰҚШҰ еуразиялық кеңістіктегі тұрақтылықтың кепілі ретінде

 

ҰҚШҰ-ның негізгі қызметі – өзгелердің көзқарасын, өмір салтын және т.б.әсер етуге,  өзгертуге бағытталмаған. Ұйымның негізгі жауапкершілігі оған қатысушы елдердің аумақтық қауіпсіздігі және бұл бағытта мәселелер «орталық» немесе «шеткі аймақтар» деп бөлінбейді. Әрбір мүше мемлекеттің қауіпсіздік мәселесі бірдей деңгейде маңызға ие. Бүгінгі саяси оқиғалардың ширығуы Еуразия аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету құрылымдарының маңызын қайта қарауды талап етеді. Әрине, қазіргі ғаламдық өзгерістер белгілі бір аймаққа, тіпті тұтас халықаралық жүйеге қалай әсер ететінін нақты болжау қиын. Дегенмен де, қауіпсіздік саласындағы қазіргі жағдайды сақтау үшін қажетті тәжірибелер мен мемлекеттік институттар алдында тұрған міндеттерді анықтауды назарға алу аса маңызға ие.

 

ҰҚШҰ мүшелігіне кіретін мемлекеттер үшін қазір қысқа және орта мерзімдегі болашақта аталған құрылымды халықаралық аренадағы өздерінің «статус-кво» мәртебесін сақтап қалу үшін пайдалана білу мәселесі өткір тұр.

 

Әсіресе қазіргі Ресей мен Батыс елдерінің өзара теке тіресі жағдайында Ұйымның жауапкершілік аумағына бағытталған қауіп-қатер деңгейі күрт артуда. НАТО-ның Шығыс Еуропадағы ықпалының күшеюі шиеленісті одан ары ушықтыра түсуде. Әсіресе батыс үлгісіндегі жаңа қару-жарақтардың Украина жеріне көптеп келуі – аталған аймақтағы әскери қақтығыс аяқталған соң ол қарулардың тағдыры қалай шешіледі деген күдік күшейе түсуде.

 

Орталық Азия өңірі – бұрыннан түрлі жанжалдардың пайда болу мүмкіндігі жоғары аймақ. Өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерімен ұйымның тұтас экожүйесі айналысады, тіпті, ҰҚШҰ мүшелігінде жоқ Өзбекстан да бұл мәселеде ұйыммен өзара іс-қимыл жасауға бейіл және оның Қарулы Күштері ҰҚШҰ күштерімен өзара үйлесімді байланыста.

 

Айта кету керек, ҰҚШҰ Қазақстанда қаңтар айында орын алған оқиғалар кезінде жағдайды тұрақтандыруда негізгі рөл атқарды. Әскер мен әскери құралдарды жедел жеткізу және операция аяқталған соң бітімгершілік күштерінің жедел шығып кетуі одақтастар арасындағы өзара байланыстың биік деңгейі мен жалпы ҰҚШҰ-ның мүше мемлекеттерге қандай да бір қауіп төнетін жағдайда лайықты тойтарыс бере алатын үлкен күш екенін көрсетті. ҰҚШҰ күштерін шайқасқа тікелей араластырудың қажеті де болмады. Тек төбе көрсетуі жеткілікті болды.

 

Бүгінде Армения мен Әзірбайжан арасындағы келіссөздер процесі оң нәтиже көрсеткенмен Кавказ аймағында шиеленіс сақталып тұр. Бұл жерде 2020 жылғы 9 қарашада қол жеткізген үшжақты келісім шарттарын орындаудағы Ресей бітімгершілік контингентінің жағдайды тұрақтандырудағы рөлін атап өткен жөн. Ауғанстандағы бүгінгі жағдайды ауыр гуманитарлық апат деп тануға толық негіз бар. Талибанның әскери кеңеюінен қорқудың қажеті жоқ. Бұл жерде Ауғанстан тарапынан есірткі агрессиясының өсу факторына назар аудару қажет. Мысалы бұл елде апиын өндірісі 2021 жылы ол 8%-ға артқан. Бұл Ауғанстан билігінің басқа жолмен табыс табу мүмкіндігінің жоқтығынан есірткі трафигіне баса мән беретінін көрсетеді. Мұның бәрі Ауғанстанды оның көршілері үшін қауіп көзіне айналдырады. ҰҚШҰ қызметі аясында ауған-тәжік шекарасын нығайту ісіне ерекше назар аудару қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құрылған ҰҚШҰ қазіргі уақыттың сын-қатеріне соның ішінде сыртқы күштердің жағдайды ушықтыру қаупімен бетпе бет келуде.

 

Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің жаңа форматтары

 

Ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру ісінде тағы бір маңызды мәселеге назар аударған жөн. Ол өзектілігі әсіресе пандемия кезінде біліне түскен – биологиялық қауіпсіздік мәселесі. Сөз жоқ, ҰҚШҰ әскери-саяси тұрғыдан өзін жоғары деңгейде көрсете білді. Алайда,  ұйымның гуманитарлық-ақпараттық миссиясы жеткілікті еленбеуде. Мысалы Одақтың жалпы қызметі туралы ақпарат төмен деңгейде. Сондықтан бүгінгі гибридтік соғыс элементтері бар ақпараттық соғыс жағдайында киберқауіпсіздік саласындағы өзара үйлестіру қажеттілігі артуда. Ұйымның танымалдылығын арттыру бағытында да жұмысты жандандыру қажет. Мысалы қазір кең таралған стереотиптердің бірі – бұл басқа мүше елдер негізгі күш болып саналмайтын негізінен Ресей үстемдік ететін ұйым деген пікір.

 

ҰҚШҰ-ның даму перспективалары туралы сөз болғанда оның өзара тең дәрежедегі әріптестік принцпі, бақылаушы мәртебесі сияқты форматтарға баса назар аударған жөн. Құрылымның негізгі мақсаттары мен міндеттерінің маңызын төмендетпеу үшін теңгерім болуы қажет.  ШЫҰ, ТМД, БҰҰ сынды түрлі халықаралық құрылымдарымен әр деңгейдегі  форматта өзара байланысын дамыту ұйымның халықаралық мәртебесін арттыруға тың серпін берер еді. Қазіргі уақытта ҰҚШҰ шеңберінде Қазақстан аумағында үш оқу-жаттығу жиынын өткізуге дайындық жүріп жатыр. Бұл іс-шаралар – ҰҚШҰ ұжымдық күштерін басқару органдарының практикалық дағдылары деңгейін көтеру мен Орталық Азия өңірінде әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыртқы қауіп-қатерлерді болдырмауға бағытталған бірлескен операцияларды жүргізу кезінде қауіпсіздік жүйесі күштерінің іс-қимыл үйлесімділігін арттыруға бағытталған. Қазақстандағы үш оқу-жаттығудан бөлек, қазан айында Тәжікстанда «Рубеж-2022» және Қырғызстанда «Мызғымас бауырластық-2022» бітімгершілік күштерімен оқу-жаттығуларын өткізу жоспарлануда.

 

Ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің толыққанды жүйесі ретінде ҰҚШҰ-н дамытудың перспективалары

 

Қорыта айтқанда, ұйым мүшелерінің жасаған таңдауын дұрыс деп атауға болады. Еуразия кеңістігіндегі бейбіт өмірді сақтаудың алқа құрып, ақыл қосу тәсілі өзінің тиімділігін көрсетуде. Бұл ретте, ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт шын мәнінде  ұжымдық қауіпсіздік пен тұрақтылықты, оған қатысушы елдердің аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігін қорғаудағы өзіне жүктелген басты міндетін мүлтіксіз орындап келеді.

 

Геосаяси ахуалдың ушығып бара жатқанын ескере отырып, ҰҚШҰ жауапкершілік зонасына кіретін аймақтардың шекаралық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұйым жұмысын бүгінгі уақыттың сындарына бейімдеу тақырыбы аса маңызды.

 

Бір сөзбен айтқанда, ҰҚШҰ-ы оған мүше мемлекеттердің одақтас қатынасын жаңа сапалы деңгейге көтере алды. Бүгінгі уақыттың түрлі сынақтары мен қауіптеріне қарсы тұра білуге қажетті әлді әлеует жинақтады және де ең бастысы Еуро-Азиялық кеңістіктегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңызды факторына айналды.

Комментарии (0)

Ваш адрес электронной почты не будет опубликован. Обязательные поля помечены *



Похожие новости

Новости партнеров

Подпишитесь на нас, чтобы получать интересные новости!

Наш сайт использует файлы cookie. Узнайте больше об использовании файлов cookie: политика файлов cookie