8.03.2025, автор Spik.kz.
Ауғанстан мен Қазақстан: геосаяси мүдделер мен сауда серіктестігі

Вчера, 16:06, автор Spik.kz.
RU
KZ
EN
Ардақ Құлтай, журналист
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан өнеркәсіп және сауда министрінің міндетін атқарушы Нуриддин Азизиді қабылдап, бұл кездесуде өзара қарым-қатынастың жандануын «қалпына келтіру» деп атаған еді. Ал одан бір ай бұрын, сәуірде Кабул қаласында 35 отандық компания өз өнімдері мен қызметтерін Қазақстан-Ауғанстан іскерлік форумында және соның аясында өткен көрмеде таныстырған. Мақалада Қазақстан мен Ауғанстанның серіктестігі қалай орнап келе жатқанын, алыс-берісі қандай екеніне тоқталамыз.
Тәліптер кім?
"Талибан" қозғалысы (арабша «Талиб» — «шәкірт») 1990-жылдардың басында Пәкістандағы діни медреселерде оқыған пуштун жастарынан құралған. Олар 1996 жылы Ауғанстан билігін басып алып, 2001 жылға дейін елді басқарды. Батыс елдері, әсіресе АҚШ, оларды экстремистік исламды ұстанған, адам құқықтарын өрескел бұзған ұйым ретінде бағалады. 2001 жылы 11 қыркүйектегі шабуылдардан кейін АҚШ Ауғанстанға басып кіріп, Талибан билігін құлатты. Осылайша, 2001–2021 жылдары елде Батыс қолдаған үкімет жұмыс істеді. Бірақ Талибан ешқашан толық жойылмады — олар ауылдық өңірлерде партизандық соғысты жалғастыра берді.
АҚШ (Дональд Трамп әкімшілігі) Талибанмен Доха келісімін жасасты. Онда АҚШ пен НАТО әскері Ауғанстаннан біртіндеп шығатыны, Талибан шетелдік күштерге шабуыл жасамайтыны келісілді. Ал 2021 жылы АҚШ әскері Ауғанстаннан шыға бастады.
Бұған ілесе Талибан шабуылын күшейтті. Ауған үкіметінің әскері (АҚШ қаруландырғанына қарамастан) тез жеңіліп жатты. 15 тамыз 2021 жылы Талибан Кабулды басып алып, елдің билігіне қайта келді. Соңында президент Ашраф Ғани шетелге қашып кетті.
Қазіргі таңда халықаралық қауымдастық оларды ресми мойындамаған. Әйелдер құқықтары күрт шектелген: қыз балалардың орта және жоғары білімге қолы жетпейді, әйелдерге жұмыс істеу мен қоғамдық орындарға шығу шектелген. Ел ауыр гуманитарлық және экономикалық дағдарысқа ұшырады.
Кімдер қарым-қатынасты қолдады?
Алайда бұл елдің жаңа билігімен қарым-қатынасты реттеу жолын таңдағандар да болды. Мысалы, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың айтуынша, ҰҚШҰ (Collective Security Treaty Organization) құрамындағы елдер — Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан — Талибанның «бей уақытша үкіметімен» тұрақты, құрылымды диалог құру қажеттігін қолдаған. Олар нақты жобаларды жүзеге асыру аясында байланыс орнату үлгісін қолдайтынын мәлімдеді.
Алайда Лавров Ауғанстан аумағынан төнетін қауіптердің әлі де сақталып отырғанын атап өтті.
Ресейдің сыртқы істер министрі былай деді: «Жалпы, біз Талибан үкіметімен — елдің нақты билігін қолына алып отырған үкіметпен — шынайы жобаларды жүзеге асыруға бағытталған неғұрлым тұрақты, тұрақты әрі негізделген диалог орнатуды қолдаймыз. Бүгін сіздермен бөлісіп отырған пікірталастар барысында көпшіліктің ұстанымы осындай болды. Талибан үкіметі террористік топтарға қарсы күрес жүргізіп жатыр, және біз бұл күреске қолдау көрсетуді қажет деп санаймыз».
Талибанның билікке келуіне бағытталған келіссөзді қолдаған елдер — негізінен Ресей, Қытай, Түркия, Өзбекстан, Үндістан, Иран, Пәкістан және Катар. Бұл елдер көбінесе ҰҚШҰ форматында жұмыс істеп, өңірлік қауіпсіздік пен экономикалық ынтымақтастық аясында әрекет етті.
Қазақстанның байланысы
Ауғанстан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас кейінгі жылдары жаңа мазмұн алып, аймақтық тұрақтылық пен экономикалық ықпалдастық тұрғысынан өзекті тақырыпқа айналды. Әсіресе «Талибан» қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) билікке келген 2021 жылдан бері екі ел арасындағы байланыс күрделене түсті. Дегенмен, Қазақстан үкіметі прагматикалық бағытты ұстанып, Ауғанстанмен экономикалық және гуманитарлық қарым-қатынасты жалғастырып келеді.
Қазақстан — Ауғанстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі. ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылы Қазақстан Ауғанстанға 602 млн АҚШ долларына тауар экспорттаған. Бұл елге негізінен бидай, ұн, майлы дақылдар және мұнай өнімдері жөнелтіледі. Ауғанстан Қазақстаннан жыл сайын орта есеппен 1,5–2 млн тоннаға дейін ұн немесе астық өнімін импорттайды. Бұл елдің импорттық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қазақстан маңызды рөл атқарады.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Ауғанстаннан Қазақстан арқылы транзиттік автотасымалдау көлемі 8%-ға артып, 5000 тоннадан асты. 2023 жылы транзитпен 10000 тоннадан астам адам өтті.
2021 жылы Кабулда билік ауысқаннан кейін халықаралық ұйымдар мен БҰҰ Ауғанстанда гуманитарлық дағдарыс басталғанын хабарлады. Осы кезеңде Қазақстан ауған халқына бірнеше мәрте гуманитарлық жүк жіберді. Мәселен, 2022 жылы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі БҰҰ және Халықаралық Қызыл Крест комитетімен бірлесе отырып 20 тоннадан астам азық-түлік, дәрі-дәрмек пен қажетті тауарларды жөнелтті.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, Ауғанстанмен байланысты үзбеу — «аймақтағы тұрақтылыққа, есірткі трафигінің алдын алуға және гуманитарлық дағдарысты жеңілдетуге» көмектеседі.
Саяси ұстаным мен қауіп
Қазақстан Талибан режимін ресми түрде мойындамаса да, 2023 жылдың тамызында Кабулдағы Қазақстан елшілігі жұмысын қайта бастады. Бұл шешім Ауғанстанмен сауда-саттықты, гуманитарлық байланысты және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған.
Ал 2023 жылдың 29 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Үкіметі және Сыртқы істер министрлігі Талибанды террор ұйымдарының тізімінен алып тастағанын жариялады.
«Қазақстанда республикада тыйым салынған террористік ұйымдардың ұлттық тізімін өзектендіру мақсатында тұрақты түрде тексерулер жүргізіледі. Осы үдеріс аясында, БҰҰ-ның тәжірибесіне сәйкес, «Талибан» қозғалысын тізімнен алып тастау туралы шешім қабылданды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің міндетті күшке ие қарарларына сәйкес, «Талибан» қозғалысы Қауіпсіздік Кеңесі террористік деп таныған ұйымдар тізіміне кірмейді», — деді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Оның айтуынша, Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы алдағы байланыстар БҰҰ-ның ұстанымы мен Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесі қабылдаған қарарлар негізінде дамитын болады.
Қазақстан үкіметі Ауғанстандағы этникалық қазақтарға да қолдау көрсету мәселесін көтеріп келеді. 2021–2023 жылдары арасында Ауғанстаннан бірнеше жүз қазақ тарихи отанына көшіп келген.
Ауғанстандағы тұрақсыздық Орталық Азия елдері үшін бірқатар қауіп төндіреді: экстремизмнің таралу қаупі, заңсыз миграция, есірткі трафигі.
Мысалы, БҰҰ есебінде ISIS К (Ислам мемлекеті – Хорасан провинциясы) Талибанның ішкі құрылымдарына сіңіп үлгерген және іргелес елдерге қауіп төндіріп отыр деп атаған. United States Institute of Peace-тің (USIP) сарапшылар тобы да 2022–2023 жылдары өткізілген талдау қорытындысында: Талибанның биліктен келуі терроршы топтарға қайта құрыла бастайтын мүмкіндік туғызды. ISIS К пен TTP қайта күшейіп келеді және бұл АҚШ пен оның одақтастарына, сондай-ақ аймақтық қауіпсіздікке тікелей қаупін тигізеді деген тұжырым жасаған.
«Талибанды» қолдаған Пәкістан мысалы
2021 жылы Талибан Кабулды басып алған кезде, сол кездегі Пәкістан премьер-министрі Имран Хан Ауғанстанды «құлдықтың құрсауын бұзды» деп мадақтаған болатын. Оның барлау қызметінің басшысы Фаиз Хамид Кабулдағы қонақүйде исламшыл содырлар тобының басшыларымен шай ішіп отырған сәтте суретке түсіп қалған.
Алайда соңғы тоғыз жылдағы ең жоғары деңгейге жеткен зорлық-зомбылыққа байланысты, Исламабадтың жаңа режим АҚШ қолдаған бұрынғы үкіметке қарағанда ынтымақтастыққа бейіл болады деген үміті енді қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылықпен алмасып отыр.
Исламабадтағы қауіпсіздік пен саясатты зерттеу орталығының деректеріне сәйкес, 2024 жылы Пәкістанда террористік шабуылдардан 2500-ден астам бейбіт тұрғын, қауіпсіздік қызметкерлері және содырлар қаза тапқан. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 66%-ға көп. Құрбандардың көпшілігі Ауғанстан аумағында орналасқан содырлық топтардың қолынан қаза тапқан.
Дегенмен, соған қарамастан, Қазақстан билігі экономикалық мүдде мен ұлттық қауіпсіздік арасындағы тепе-теңдікті сақтауға тырысуда. Сарапшылардың айтуынша, Ауғанстанмен байланысты толық үзу — Орталық Азияда ықпалын жоғалтуға әкелуі мүмкін. Осы ретте, Қазақстан өзінің дипломатиялық бейтараптығын сақтап қалуға мүдделі. Алайда мұндай серіктестіктің болашағы қандай болмақ? Оны уақыт көрсетеді...

Похожие статьи
Қазіргі қазақ әдебиеті заманауи ма және ол қандай құндылықтарды насихаттайды?
4 күндік қақтығыстың мәні: Таиланд пен Камбоджа келіссөзге келісті
29.07.2025, автор Spik.kz.
Афганская угроза для стран ЦА: стоит ли ждать нападения талибов?
28.02.2025, автор Асем Избасарова.
Реалистичны ли транзитные проекты в Центральной Азии с участием Афганистана?
22.04.2025, автор Виктор Долгов.
Партнерство РК с «Талибаном»: риски есть, но и выгоды очевидны
12.01.2024, автор Сауле Исабаева.