14.08.2025, автор Spik.kz.
Қазақ тарихындағы кэнселиң мәдениеті: әділдік құралы ма, жазалау тәсілі ме?
Вчера, 16:04, автор Spik.kz.
RU
KZ
EN
Батыс қоғамында cancel culture ұғымы – құқықтық немесе этикалық нормаларды бұзған атақты тұлғаларды қоғамдық бойкот пен айыптауға негізделген мәдени құбылыс ретінде кең тараған. Бұл феномен Қазақстанда да кейінгі жылдары көрініс ала бастады. Бірақ бұл түсінік қазақ қоғамында ертеде-ақ болған. Мақаламызда бұл мәдениеттің қыр-сыры қандай болғанын, қазіргі кэнселиң мәдениетінен қандай ерекшелігі болғанын топшылап көрейік.
Қазақстандық қоғамда «кэнселиң» ұғымы кейінгі жылдары жиі айтыла бастады. Бұл түсінік жергілікті ортада тез бейімделіп, қоғамдық санада өз орнын тапты.
Дегенмен, қоғамнан оқшаулау немесе моральдық айыптау тәжірибесі қазақ мәдениетінде бұрыннан бар. Ұжымдық ортада адам беделі мен абыройы аса жоғары бағаланғандықтан, қауым тарапынан сырт айналу ең ауыр жаза саналған. Мәселен, би мен ақсақалдар кеңесінде дау-дамай тудырған немесе әділетсіз шешім қабылдаған адамға сенімсіздік білдіру — моральдық тұрғыдан «кэнселге ұшыраудың» бір түрі еді. Мұндай адам ел ісіне араласа алмай, сөзі өтпейтін болған.
Сол сияқты рулық қоғамда абыройынан айырылу — экономикалық жазадан да ауыр саналатын. Адал аты шыққан ерді «жақсы», ал қателік жіберіп, сөзінде тұрмаған, әлсіздік танытқан кісіні «жаман» деп атау — символикалық оқшаулау түрі болатын.
Халық ауыз әдебиетінде де «жақсының аты өшпейді, жаманның беті күйеді» деген ұғым кең тараған. Бұл да моральдық жауапкершілікті күшейтудің бір тәсілі еді. Кей өңірлерде ұятқа қалған немесе қауым алдындағы абыройынан айырылған адамға бітім мен кешірім рәсімінсіз қайта араласуға мүмкіндік берілмеген. Яғни, ол тұлғаның қоғамдағы орнын «жою» дәстүрлі кэнселингке ұқсайтын әлеуметтік құбылыс болған.
Мысалдарға келсек, қазақ қоғамында құн төлемеген, не қан дауын шешпеген адамды руы «арам санап», өз ортасынан аластайтын. Солардың бірі – «Қыз алып қашу» немесе «некесіз байланыс» оқиғалары салтты бұзу деп есептеліп, кейде бүкіл әулетпен бірге қоғамнан оқшаулауға әкелетін. «Бетке басу» жырларында руы мен халқы «жаман атқа қалған» адамның атын атаудан тыйылып, оның есімін ұрпаққа ұялшақтықпен жеткізетін.
Би немесе шешен әділ шешім қабылдамаса, жұрт алдында сенімінен айырылады, енді «би» аталуға лайық болмайды. Жігіт сөзіне тұрмаса немесе антты бұзса, оны ел «ант атқан» деп атайды — бұл ең ауыр моральдық таңба. Кей өңірлерде мұндай адаммен құда болудан, тіпті бірге дастарқаннан ас ішуден бас тартқан.
Этнограф-тарихшы Жамбыл Артықбаев жинаған Тәуке хан тұсында қабылданған «Жеті жарғы» қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы нда мәдени наразылық элементтері көп.
Солардың бірі – Қара сиырға терiс мiнгiзу. Имандылық тәртіпті бұзған кінәліні қара сиырға теріс мінгізіп, бетіне халық қылып күйе жағып, мойнына әбден шіріп қалған ескі киіз іліп, соңдарынан қамшымен ұрып отырады және бетіне түкіріп, топырақ шашып қорлайды.
«Мойнына шірік киіз іліп, бетіне күйе жағу» — билердің кеңесінде де, ауыл-аймақтың сыйлы ақсақалдарының бұйрығымен де істелген. Себебі ел имандылығын, әсіресе жастардың дұрыс жолда болуын қадағалау — ауыл үлкендерінің өз ісі деп есептелген.
Ауылындағы басбұзар бұзақысын, арсыз әйелін жазаламаса, ел ағасы ақсақал елге сыйлы бола алмайды. Ата-анасына қарсы шыққан, ел ақсақалына тіл тигізген немесе өз ауылын қорлайтындай, ағайынның намысына тиетін жаман іс істеген адамды мойнына қыл шылбыр іліп, қолын артына байлап, жалаңаштап шешіндіріп, ауылды айналдыра қамшымен ұрып жүргізеді. Сондай-ақ ұрып қана қоймай, неге ұрғанын жұрт айтып, балағаттап отырады. Моральдық жазаның тағы бір түрі — аттының құйрығына шылбыр байлап, соны кінәліге тістетіп, екі жігіт екі жағынан қамшылап жүгірту болған.
«Қазақтың этнографиялық категориялар энциклопедиясына» сәйкес, ата-бабадан мирас болып келе жатқан қағидаларды сақтамау және оларды өрескел бұзу қатаң жазалауға ұшырап отырған.
«Тарихи және тарихи-этнографиялық сан алуан мәліметтер, әсіресе, кісі өлтіру, әйел зорлау, зинақорлық жасау, ауылдың, әрісі рудың, тайпаның, елдің сыйлы немесе үлкен адамдарын қорлау, біреудің малын ұрлау, зорлықпен алып кету, я болмаса нақақ барымталау «елдің (рудың) сүйегіне түскен таңба» ретінде бағаланып, күнәлілер ауыр жазаларға кесілгендігін дәлелдейді. Тіпті, кінәлілер «іштен шыққан жау жаман» қағидасы бойынша күнәһар деп танылып, өлім жазасына кесіліп немесе елден (рудан) аластатылып отырған», - делінеді еңбекте.
Ал қазақ социумында адамның елжұрттан (рудан) аластатылуы тіпті, өлім жазасынан да әсері күшті масқара жайт ретінде қабылданғаны және көшпелі ортада «өлімнен ұят күшті» деп осындай жайттарға байланысты айтылғаны жазылған.
Бұл еңбектен «жер болу» түсінігін де таптық. Бұл – өте ұятты жағдайға қалып, кейін ел бетіне қарай алмайтындай масқара күй кешу. Егерде керісінше жағдай болса төбесі көкке жетті дейді. Сондықтан жерге қаратты деген сияқты тағы басқа осы тәрізді мағынада қолданылатын этноинъективалар жоғары-төмен, биік-аласа, ақ-қара, жақсы-жаман сияқты дуалистік ілімге сай жұртшылық алдындағы жауапкершілікті сезінуінің психологиялық жай-күйі.
Қазақтың кэнселиңге барынша ұқсайтын тағы бір түсінігі – жерге қарату. Бұл – этикалық мәнді метафоралық атау. Бұл ұғым жақынының жасаған жағымсыз әрекетінен туысқандарының ұятқа қалып, ел бетіне қарай алмай қалуы жайтын білдіреді.
Қазақ қоғамындағы моральдық жазалау мен ұжымдық айыптау тәжірибесі қазіргі кэнселиң мәдениетіне мазмұндық жағынан өте жақын. Екеуінің де түпкі мақсаты – қоғамның этикалық тепе-теңдігін сақтау, адамды жауапкершілікке шақыру және ортақ құндылықтарды қорғау. Дегенмен айырмашылық та бар: дәстүрлі қазақ ортасында мұндай жаза әділдік орнатуға, қауымның бірлігін бекітуге бағытталса, бүгінгі кэнселиң көбіне эмоциялық және саяси сипат алып отыр.
Қазақта адамды ұятқа қалдыру, «жерге қаратты», «бетіне күйе жақты» деу – тек жеке масқара емес, тұтас әулеттің абыройына нұқсан келтіретін әлеуметтік оқиға болған. Сондықтан «қарабет атану» немесе «жер болу» – қоғамнан толық аластатудың символы еді. Бұл тәсіл құқықтық емес, моральдық соттың құралы ретінде жұмыс істеді. Дәстүрлі ортадағы мұндай ұжымдық бақылау тетіктері қоғамның ішкі тәртібін сақтап, адамды ар-ұят шегінен аттамауға үйретті. Ал қазіргі кэнселиң мәдениеті сол ежелгі ұғымның жаңғырып, цифрлық қоғамда жаңа формада көрініс тапқан нұсқасы іспетті. Айырмасы – бұрынғы моральдық жазалау қауымның тұтастығын қорғауға бағытталса, бүгінгі кэнселиң көбіне тұлғаның беделін жою мен эмоциялық қысымға айналып барады.
Сондықтан қазақ тарихындағы «жерге қарату», «қарабет ету», «жұртқа көрсету» сияқты тәжірибелерді кэнселиң мәдениетінің дәстүрлі түрі деп атауға болады. Бірақ олардың түпкі ниеті – жазалау емес, тәртіп пен әділдік орнату болған.
Журналист Ардақ Құлтай

Похожие статьи
«Сәләфизм – біздің дәстүрлі діни жолға қарсы идеология» — Асқар Сабдинмен сұхбат
Қазақ қамшыны әйеліне сес көрсету үшін төрге ілген бе?
27.08.2025, автор Spik.kz.
Қазіргі қазақ әдебиеті заманауи ма және ол қандай құндылықтарды насихаттайды?
8.03.2025, автор Spik.kz.
Жастар және саясат: Қазақстанда Z буыны саясатқа қалай кіреді?
18.09.2025, автор Spik.kz.
Ауғанстан мен Қазақстан: геосаяси мүдделер мен сауда серіктестігі
1.08.2025, автор Spik.kz.