Вчера, 15:19, автор Spik.kz.
Женевадағы келіссөздер: Трамп жоспары өзгере ме, Еуропа қандай балама ұсынды?
Вчера, 15:04, автор Spik.kz.
RU
KZ
EN
Женевада Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі ең маңызды дипломатиялық раундтардың бірі аяқталды. АҚШ пен Украина делегациялары бірнеше күн бойы Трамптың әйгілі 28 тармақтан тұратын бейбіт жоспарын қайта қарау мүмкіндігін талқылады. Бірақ бұл процестің артында бір ғана сұрақ тұр: Соғыс қалай аяқталады және қандай шартпен?
Трамп жоспары: Украина қабылдай алмайтын тармақтар
АҚШ-тың 28 тармақтан тұратын жоспары алғаш жарияланған сәттен бастап даулы болды. Себебі оның негізгі бөліктері Мәскеудің талабына жақын:
• Украин армиясының Донецк облысынан шығарылуы
• Қарулы күштердің санын 600 мыңға дейін қысқарту
• НАТО-ның кеңеюден бас тартуы
• Украинаның альянсқа қосылудан бас тартуы
Бұл тармақтарды Киев «ұлттық қауіпсіздікке қатер» деп бағалап, қабылдамай келді. Тіпті Трамптың өзі Женевадағы келіссөз алдында бұл жоспар өзгеруі мүмкін екенін мәлімдеді — бұл Ақ үйдің де бастапқы нұсқаның өміршеңдігіне күмән келтіре бастағанын көрсетеді.
Женевада кім не айтты?
Келіссөздерге Украина делегациясын Андрей Ермак, АҚШ делегациясын Марко Рубио мен Стив Уиткофф алып келді. Еуроодақ, Ұлыбритания, Германия мен Франция кеңесшілері де қатысқан — яғни бұл тек екіжақты емес, кеңірек коалициялық процесс.
Келіссөзден кейін тараптар бірдей емес, бірақ оптимистік риторика көрсетті. Умеровтың сөзінше, Киев жоспардың бүгінгі нұсқасынан көбірек пайда көріп отыр. Украин мүддесі жақсырақ ескерілген.
Рубио болса «Даулы мәселелерді талқылаған жоқпыз, бірақ айтарлықтай прогресс бар» деді. Оның сөзінше, келіссөздің жалғасы болады. Бұл мәлімдемелер бір нәрсені көрсетеді: тараптар компромисске келуге дайын, бірақ ешкім соңғы сөзін айтқан жоқ.
Еуропаның жасырын жоспары: Telegraph жариялаған 24 тармақ
Женева процесі жүріп жатқанда, дипломатиялық дауларды күшейткен тағы бір маңызды оқиға болды. The Telegraph Еуропалық елдер дайындаған 24 тармақтан тұратын балама бейбіт жоспарын жариялады.
Бұл құжат АҚШ жоспарына қарағанда, бұл жоспар Украинаға қолайлы. Ол Ресейге жаңа талаптар қоятын және қауіпсіздік архитектурасын түбегейлі өзгертетін жоба ретінде көрінеді.
Еуропа жоспарының негізгі тармақтарына тоқталсақ:
1. Толық атысты тоқтату — құрлық, әуе, теңіз. Бұл — ең үлкен айырмашылық. Еуропа нақты әскери шептерді бекітуді емес, алдымен мүлдем атысты тоқтатуды талап етеді.
2. Мониторинг — АҚШ пен одақтастар бақылауында. Бақылау механизмі қашықтан жүргізіледі: спутниктер, дрондар, барлау деректері. Бұл Ресейдің «БҰҰ бақылаушылары» немесе «бірлескен комиссия» форматынан түбегейлі өзгеше.
3. Депортацияланған украин балаларын қайтару — ешқандай шартсыз. Бұл тармақ — Мәскеу үшін ең күрделі, өйткені ол халықаралық құқық бұзушылық фактісі ретінде қарастырылады.
4. «Бәрін — бәріне» принципі бойынша тұтқындар алмасу.
5. Украинаның егемендігі толық мойындалады, нейтралитетке мәжбүрлеу болмайды.
6. Украина АҚШ-ты қоса алғанда, заңды түрде міндетті қауіпсіздік кепілдіктерін алады. Бұл факт бойынша НАТО-ның 5-бабына ұқсайды — Украинаға ұжымдық қорғаныс элементін береді.
7. ЕО-ға мүшелік — автоматты түрде болуы керек. Бұл тармақ Киев үшін стратегиялық жеңіс.
Еуропа жоспары — Украинаға анағұрлым қолайлы болып көрінеді.
Бұл оған АҚШ жоспарына балама ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Неге Еуропа өз жоспарын жасырын әзірледі?
Бірнеше себебі бар. Мәселен, Еуропа Трамптың бастапқы жоспары Украинаға тым тиімсіз деп есептейді. ЕО соғыстан кейінгі қауіпсіздік архитектурасын өз мүддесіне сай қайта құруды қалайды. Вашингтонның ықпалын теңестіру үшін Еуропа өз ұсынысын дипломатиялық тор ретінде пайдаланып отыр. Бұл — АҚШ пен ЕО арасындағы геосаяси бәсекенің белгісі.
Еуропалық одақ елдері Украина бойынша әзірлеген өз жоспарында Қарулы күштер санының бейбіт уақытта 800 мың адамнан аспауын талап етіп отыр. Сонымен қатар ЕО елдері Польша аумағында НАТО жойғыш ұшақтарын орналастыруды және Киевке НАТО-ның 5-бабы деңгейінде АҚШ тарапынан әскери кепілдіктер беруді ұсынады. Бұдан бөлек, Брюссель Ресей активтерін өз бақылауында қалдырып, оларды экспроприациялау арқылы Украина шығындарын өтеуді талап етіп отыр.
БАҚ жазуынша, құжатты Ұлыбритания, Франция және Германия дайындаған. Оның негізі АҚШ ұсынған жоспарға сүйенеді, бірақ құжатта бірқатар баптар бойынша ерекшеліктер мен түзетулер енгізілген.
Трамп пен Зеленский не дейді?
АҚШ президентінің айтуынша, Вашингтон Украинаға беру үшін НАТО-ға "қарудың орасан үлкен партияларын" сатуды жалғастырып отыр, ал Еуропа елдері Ресейден мұнай сатып алуды тоқтатпаған.
"Ресей мен Украина арасындағы соғыс – қатыгез әрі сұмдық, және АҚШ пен Украинада мықты да дұрыс басшылық болғанда, ол ЕШҚАШАН БАСТАЛМАС ЕДІ. Ол менің екінші мерзімге кіріспей тұрып, ұйқышыл Джо Байден әкімшілігі кезінде басталды және жағдай тек нашарлай берді. Егер 2020 жылғы президенттік сайлау ЖАСАЛМАҒАН ЖӘНЕ ҰРЛАНБАҒАН болса — радикалды солшыл демократтардың жақсы істей алатын жалғыз ісі — онда бұл Украина–Ресей соғысы да, тіпті ол туралы әңгіме де, менің алғашқы мерзімімде болмас еді. Украина «БАСШЫЛЫҒЫ» біздің күш-жігеріміз үшін ЕШҚАНДАЙ РАҚМЕТ АЙТҚАН ЖОҚ, ал Еуропа Ресейден мұнай сатып алуды жалғастырып отыр. АҚШ НАТО-ға Украинаға жеткізу үшін қыруар қару сатуды жалғастыруда (САТҚЫН ДЖО бәрін — ТЕГІН, ТЕГІН, ТЕГІН беретін, оның ішінде «үлкен» ақшаны да!). Осы гуманитарлық апатта қаза тапқан барлық жанды ҚҰДАЙ ҚОРҒАСЫН!" — деп жазды Трамп Truth Social желісінде.
Украина президенті Владимир Зеленский Швецияда өткен конференцияда видеобайланыс арқылы сөйлеп, елдің сындарлы кезеңде тұрғанын және қақтығысты аяқтаудың жолдарын іздеу үшін АҚШ пен еуропалық серіктестермен белсенді жұмыс істеп жатқанын айтты. Ол Киев өзінің әлсіреуіне емес, күшеюіне мүмкіндік беретін ымыраны іздеуге дайын екенін атап өтіп, басты кедергінің Ресей талаптары екенін жеткізді.
Жоғарғы Рада спикері Руслан Стефанчук келіссөздердегі Украинаның «қызыл сызықтарын» атады: Қарулы күштер санына қандай да бір шектеу қоюға жол берілмейді, Украина одақтарға кіру құқығынан айырылмауы тиіс, ел территориясының жоғалуын мойындамайды, ал НАТО мен ЕО-ға кіру болашақ қауіпсіздік кепілдіктерінің элементі болуы керек. Өз кезегінде Финляндия президенті Александр Стубб Женевадағы келіссөздерден кейін көптеген шешілмеген мәселе қалғанын айтып, Еуропа мен НАТО өздерінің проблемалар блогымен айналысып жатқанын атап өтті.
Батыс БАҚ-тарының хабарлауынша, Украина одақтастары арасында алаңдаушылық күшейіп келеді. Politico "евроүштіктің" (Ұлыбритания, Франция, Германия) бейбіт жоспары ескірген деп жазады.
Енді не болады?
Женевадағы келіссөз — финал емес, жаңа фазаға өту нүктесі. Алдағы апталарда Трамп жоспары қайта қаралады, Еуропа жоспары ресми түрде талқылануы мүмкін. Сондай-ақ, Киев екі жоспар арасында маневр жасайды. Мәскеу екі құжатқа да реакциясын білдіреді. Ал АҚШ–ЕО арасындағы талқылау басталады. Бұл соғысты тоқтатудың шешуші кезеңі дәл қазір басталғанын көрсетіп отыр.
Журналист Ардақ Құлтай

Похожие статьи
Трамптың «бейбіт жоспары»: Украина үшін қысым, Ресей үшін бонус, әлем үшін жаңа қауіптер
«Сәләфизм – біздің дәстүрлі діни жолға қарсы идеология» — Асқар Сабдинмен сұхбат
14.08.2025, автор Spik.kz.
Трамп, Зеленский және еуропалық жетекшілер кездесуі: Ақ үй қабырғасында не талқыланды?
20.08.2025, автор Spik.kz.
Армения мен Әзербайжан: күтпеген бейбіт саммит Трампқа не береді?
11.08.2025, автор Spik.kz.
4 күндік қақтығыстың мәні: Таиланд пен Камбоджа келіссөзге келісті
29.07.2025, автор Spik.kz.