1.08.2025, автор Spik.kz.
Трамп Венесуэлаға неге шүйлікті? Есірткімен күрес пе, әлде режимді ауыстыру ма?

Вчера, 16:31, автор Spik.kz.
RU
KZ
EN
Күні кеше АҚШ президенті Дональд Трамп алғаш рет Орталық барлау басқармасына (ЦРУ) Венесуэла аумағында жасырын операциялар жүргізуге рұқсат бергенін мойындады. Бұл — Вашингтонның Николас Мадуро билігіне қарсы қысымды жаңа деңгейге көтергенін көрсетеді. Мақалада екі ел арасындағы саяси контексті түсіндіруді ұйғардық.
АҚШ пен Венесуэла арасындағы ұзақ текетірес
Венесуэла мен АҚШ арасындағы қатынас кейінгі 20 жылда Латын Америкасындағы ең күрделі дипломатиялық шиеленістердің бірі саналады. 2000-жылдардың басында Венесуэла президенті Уго Чавес АҚШ-тың аймақтық ықпалына қарсы “Боливарлық социализм” идеясын ұстанып, елдің мұнай байлығын ұлттандыру саясатын жүргізді. Бұл саясат Вашингтонның экономикалық мүддесіне тікелей соққы болды.
2013 жылы Чавес қайтыс болған соң, оның саясатын Николас Мадуро билікке келіп жалғастырды. Дегенмен, мұнай бағасының құлдырауы, жемқорлық және санкциялар Венесуэла экономикасын күйретті. АҚШ 2017 жылдан бастап Мадуро режиміне қатаң санкциялар енгізіп, оның негізгі экспорт өнімі — мұнайға тыйым салды.
2019 жылы Вашингтон мен бірқатар Батыс елдері Мадуроны «заңсыз сайланған басшы» деп танып, оның қарсыласы Хуан Гуайдоны Венесуэланың заңды президенті деп мойындады. Содан бері екі ел арасындағы ресми дипломатиялық қатынас үзілген.
Айта кетейік, БҰҰ дерегінше, Латын Америкасындағы есірткі өндіру және тасымалдау орталықтары өзгеріссіз қалуда. Олар — Колумбия, Перу және, әрине, Мексика. Венесуэла арқылы өтетін транзит бар болғаны 5 пайызға тең. Ал енді АҚШ «Мадуро есірткіні экспорттауды өзі басқарады» деп айыптап отыр.
Соңғы оқиға: Трамптың әскери риторикасы
Енді Трамптың ОББ-ға жасырын операция жүргізуге рұқсат беруі — сол ұзақ текетірестің жаңа кезеңі. Кейінгі апталарда АҚШ әскери күштері Кариб теңізінде есірткі тасымалдады делінген кемелерге кемінде бес бірдей соққы жасаған. Одан жалпы 27 адам қаза тапты.
Ай басында Трамп Кариб теңізінің оңтүстігінде есірткі тасыған кемеге соққы жасау жөнінде бұйрық бергенін мәлімдеді. Оның айтуынша, операция кезінде Венесуэладағы Tren de Aragua бандасының 11 мүшесі өлтірілген. Трамп бұл соққыны «есірткімен күрестің ескерту қадамы» деп атап, «АҚШ-қа есірткі әкелуді ойлағандардың бәрі сақ болсын» деді.
Бірақ Трамп мұнымен тоқтаған жоқ. Ақ үйдегі брифингте ол өз әкімшілігі «құрлықтағы операцияларды қарастырып жатқанын» мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай шешімнің екі себебі бар. Біріншіден, Трамп Венесуэла билігі түрмелерді босатып, сотталғандарды АҚШ шекарасы арқылы өткізді деп айыптады. Ал екіншіден, ол Венесуэладан АҚШ-қа көп мөлшерде есірткі, әсіресе фентанил жеткізілетінін айтты.
«Мұхит бізде бақылауда, енді құрлықтағы бағыттарды да қарастырып жатырмыз», — деді Трамп.
Құпия миссия және режимді ауыстыру мақсаты
Америкалық БАҚ дереккөздерінің мәліметінше, Трамптың директивасы ОББ-ға Венесуэлада дербес операциялар жүргізуге рұқсат береді. Бұл — режимді ауыстыру стратегиясының бір бөлігі болуы мүмкін.
Мадуроны биліктен кетіру АҚШ-тың ұзақмерзімді саяси мақсаты саналады. 2020 жылы Вашингтон Венесуэла президентінің басына 50 млн доллар сыйақы жариялап, оны «есірткімен байланысы бар диктатор» деп атаған.
6 қазан күні америкалық басылымдар Дональд Трамп Венесуэламен қарым-қатынасты реттеуге бағытталған барлық дипломатиялық әрекетті тоқтатуды тапсырғанын хабарлады. Трамп әкімшілігі Венесуэла билігімен келіссөз жүргізіп келген президенттің арнайы өкілі Ричард Гренеллдің күш-жігерін нәтижесіз деп санаған. Дональд Трамп әкімшілігі Венесуэланы есірткі трафигімен жеткілікті дәрежеде күреспейді деп айыптайды.
Ресми Каракастың жауабы
Венесуэла үкіметі АҚШ әрекетін «халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысын бұзу» деп айыптады. Каракас Вашингтонды «режимді заңсыз жолмен ауыстыруға және мұнай ресурстарын басып алуға ұмтылып отыр» деп мәлімдеді.
15 қазанда Венесуэла үкіметі Трамптың ел аумағында ОББ-ға жасырын операциялар жүргізуге рұқсат бергені жөніндегі мәлімдемесін айыптап, оны халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысын бұзу деп атады.
«Боливарлық Венесуэла Республикасы АҚШ президентінің Венесуэладағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа қарсы бағытталған операцияларды мақұлдағанын ашық мойындаған соғысқұмар әрі негізсіз мәлімдемелерін қабылдамайды», — делінген Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
Сондай-ақ ел басшылығы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне және Бас хатшысына шағым жолдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Боливарлық Республика Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде айтылған. Құжат министр Иван Хиль Пинтоның Telegram-арнасында жарияланған. Венесуэла билігінің мәлімдемесінде АҚШ-тың әрекеттері режимді ауыстыру операциясын заңдастыруға бағытталғаны, ал оның түпкі мақсаты — Венесуэланың мұнай ресурстарын басып алу екені айтылған.
Президент Мадуро ел астанасы маңында әскери жаттығулар өткізуді бұйырды. Бұл АҚШ-қа саяси ескерту ретінде қабылданды.
Нобель сыйлығы венесуэлалық оппозиционерге берілді
Айта кетсек, осы аптада Венесуэла билігі Норвегиядағы елшілігін жапқанын хабарлады. Ресми түсіндіруде бұл шешім «дипломатиялық өкілдіктерді қайта құрылымдау аясында» қабылданғаны айтылғанымен, сарапшылар мұны Ослодағы Нобель комитетінің Венесуэла оппозициясының жетекшісі Мария Корина Мачадоға Бейбітшілік сыйлығын беруімен тікелей байланыстырып отыр.
Мачадо — 2024 жылғы президент сайлауында оппозицияның бірлескен үміткері, алайда оның кандидатурасын билік бұғаттаған. Нобель комитеті саясаткерді «Венесуэла халқының демократиялық құқықтары үшін үздіксіз күресі және диктатурадан бейбіт өтуді қамтамасыз етуге бағытталған еңбегі үшін» марапаттаған болатын.
Есірткімен күрес пе, геосаяси ойын ба?
Трамп әкімшілігінің Венесуэлаға қатысты соңғы шешімі — Латын Америкасындағы билік пен ықпал үшін күрестің көрінісі. Ресми себеп — есірткімен күрес. Бірақ сарапшылардың көбі бұл операциялардың артында режимді әлсірету және аймақтағы мұнай қоры мен саяси бақылауды күшейту мақсаты жатыр деп есептейді. Венесуэла өзін егемен мемлекет ретінде қорғауға тырысса, АҚШ оны «қылмыстық режим» деп сипаттайды. Бұл тек екі ел арасындағы дағдарыс емес — аймақтық тұрақтылыққа да қауіп төндіріп отыр.
Журналист Ардақ Құлтай

Похожие статьи
Ауғанстан мен Қазақстан: геосаяси мүдделер мен сауда серіктестігі
«Сәләфизм – біздің дәстүрлі діни жолға қарсы идеология» — Асқар Сабдинмен сұхбат
14.08.2025, автор Spik.kz.
Армения мен Әзербайжан: күтпеген бейбіт саммит Трампқа не береді?
11.08.2025, автор Spik.kz.
Трамп Үндістанды Ресеймен сауда үшін қыспаққа алғысы келді, бірақ...
6.08.2025, автор Spik.kz.