14.08.2025, автор Spik.kz.
Израиль Газаға басып кіріп, Шығыс Иерусалимді оқшаулау жоспарын бекітті

Вчера, 15:44, автор Spik.kz.
RU
KZ
EN
Израиль әскері 20 тамызда Газа қаласын басып алу операциясын бастады. Жақын күндері қала толық қоршауға алынып, блокбекеттер орнатылады. Осыдан кейін жаппай эвакуация басталмақ. Үкімет басшысы Биньямин Нетаньяху да Газада жүр. Биліктің жоспары бойынша шамамен бір миллион палестиналық қаланың оңтүстігіндегі Әл-Мауаси гуманитарлық аймағына жеткізіледі. Бұл — үлкен лагерь, онда жүздеген адам қоныстанып үлгергенімен, көпшілік тұру жағдайының қолайсыздығына байланысты барудан бас тартып отыр.
Оккупация жоспарына қарсылық
Газаға басып кіру жоспарын Израиль билігі 8 тамызда жариялаған еді. Алайда оған саяси оппозиция да, көшедегі ереуілшілер де қарсы шықты. Қарсылықты тіпті Израильдің әскери қолбасшылығы да білдірді.
Ресми себеп ретінде ХАМАС қолында қалған тұтқындарды босату айтылуда. Қазірде 50 тұтқынның 20-сы ғана тірі екені хабарланды. Сонымен бірге, билік ХАМАС-ты түбегейлі жойып, секторға жаңа әкімшілік орнатуды көздеп отыр. Осы мақсатпен қыркүйекке дейін 60 мың резервист шақырылмақ.
Алайда сыншылар мұндай операция мыңдаған бейбіт тұрғынның өмірін қиюы мүмкін екенін, гуманитарлық апатты тереңдететінін және Израильдің халықаралық беделіне ауыр соққы болатынын ескертуде.
Бітімнен бас тарту
ХАМАС бұған дейін 60 күндік тыныштық орнатып, тұтқындар алмасуға және гуманитарлық көмекке келісім берген болатын. 18 тамызда ұйымның жалғыз «көзірі» осы 50 тұтқын екені айтылды. Дегенмен Нетаньяху «жартылай келісімдерге» бармайтынын, барлық тұтқын толық босатылмайынша бітім жасалмайтынын мәлімдеді.
БҰҰ мен Қызыл Крест Израильді операцияны тоқтатуға шақырды. Соған қарамастан, Газаға шабуыл басталған күні ХАМАС жауынгерлері Израиль әскерлері бақылайтын аймаққа рейд жасап, сарбаздарды тұтқындауға әрекеттенді. Шабуыл тойтарылғанымен, бұл ХАМАС-тың соғысу әлеуетінің әлі де бар екенін көрсетті.
Е1 аймағы және Шығыс Иерусалим
Осы жағдайлармен қатар, Израиль үкіметі Батыс жағалаудағы даулы Е1 аймағын игеру жоспарын бекітті. Ол Шығыс Иерусалим мен Маале-Адумим қонысының арасында орналасқан және 20 жылдан бері талқыланып келе жатқан жоба.
Жоспар жүзеге асса, Шығыс Иерусалим Батыс жағалаудан оқшауланып, болашақ Палестина мемлекетінің астанасы туралы талапқа соққы береді. Сонымен бірге, жаңа қоныстар Батыс жағалаудың солтүстігі мен оңтүстігін бөліп, палестиналық жерлердің бөлшектенуін күшейтеді.
Израиль үкіметі ашық түрде Е1 аймағын игеру Палестина мемлекеті идеясын толықтай жоққа шығаратынын айтты. Бұл қадам қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясында Франция, Ұлыбритания және өзге елдер мойындамақшы болған Палестина мемлекеттілігінің болашағына да кедергі.
Қорытынды
Израильдің қазіргі әрекеттері тек ХАМАС-пен соғысты жалғастырып қана қоймай, Палестина мемлекеттілігін түпкілікті жоққа шығаратын бағытқа бет алғанын айқын көрсетіп отыр.
Журналист Ардақ Құлтай

Похожие статьи
«Сәләфизм – біздің дәстүрлі діни жолға қарсы идеология» — Асқар Сабдинмен сұхбат
Ауғанстан мен Қазақстан: геосаяси мүдделер мен сауда серіктестігі
1.08.2025, автор Spik.kz.
Қазіргі қазақ әдебиеті заманауи ма және ол қандай құндылықтарды насихаттайды?
8.03.2025, автор Spik.kz.
Армения мен Әзербайжан: күтпеген бейбіт саммит Трампқа не береді?
11.08.2025, автор Spik.kz.
Трамп Үндістанды Ресеймен сауда үшін қыспаққа алғысы келді, бірақ...
6.08.2025, автор Spik.kz.