14.08.2025, автор Spik.kz.
70 жылдан бергі шешілмеген түйін: Израиль астанасы қай қала?

22.09.2025, автор Spik.kz.
RU
KZ
EN
Израиль мен Палестина арасындағы басты қақтығыстардың бірі — Иерусалимнің мәртебесі. Бұл қаланы Израиль өзінің «мәңгі және бөлінбес астанасы» деп санаса, палестиналықтар Шығыс Иерусалимді болашақ мемлекетінің орталығы ретінде көреді. Осы себепті қақтығыс тек саяси немесе географиялық сипатта емес, тарихи, діни және халықаралық деңгейдегі күрделі мәселе болып отыр.
Израильдің ұстанымы
1948 жылы мемлекет болып құрылғаннан бері Израиль өзін халықаралық сахнада мойындату жолында аянбай күресіп келеді. Бастапқыда әлем елдері Израильдің астанасы ретінде Тель-Авивті таныды.
Алайда Израиль үкіметі барлық негізгі мемлекеттік мекемелерін, соның ішінде парламент — Кнессетті, Жоғарғы сотты және министрліктерді Иерусалимге орналастырды. Бүгінде Израиль билігі бұл қаланы өз елінің ажырамас бөлігі, тарихи және рухани орталығы деп есептейді.
Халықаралық көзқарас
Біріккен Ұлттар Ұйымы мен әлемнің көпшілік мемлекеттері Иерусалимді даулы қала деп таниды. Оның басты себебі — Шығыс Иерусалимнің 1967 жылғы «Алты күндік соғыстан» кейін Израиль бақылауына өтуі. Палестиналықтар дәл осы Шығыс бөлікті өздерінің болашақ мемлекетінің астанасы деп көреді. Осыған байланысты көптеген ел өз елшіліктерін Тель-Авивте ұстап отыр.
АҚШ — Израильдің басты дипломатиялық серіктесі. 2017 жылы Вашингтон Иерусалимді Израиль астанасы деп ресми мойындап, елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшірді. Бұл шешім Таяу Шығыс қақтығысын одан әрі өршітті. Еуропаның көптеген елдері, керісінше, мұндай қадамға қарсы шықты. Мәселен, жақында Португалия Палестина мемлекетін қолдайтынын жариялады.
Франция мен Ұлыбританияда жүргізілген екі әлеуметтік сауалнама көрсеткендей, қос елдің азаматтарының басым бөлігі негізгі шарттар орындалмайынша — атысты тоқтату, тұтқындарды босату және ХАМАС-тың берілуі — Палестина мемлекетін бірден мойындауға қарсы.
Франциядағы Еврей институттары кеңесі (Crif) жариялаған зерттеуге сәйкес, француздардың 71%-ы Палестинаны мойындау тек тұтқындар босатылып, ХАМАС берілгеннен кейін ғана мүмкін деп санайды. Тек 29%-ы ғана бірден мойындауды қолдайды, ал ең үлкен қолдау (78%) «Бұғаусыз Франция» (LFI) партиясы жақтастары арасында тіркелген.
Ұлыбританияда да жағдай ұқсас. JL Partners жүргізген сауалнамаға сәйкес, британдықтардың шамамен 90%-ы ешқандай шартсыз Палестинаны мойындауға қарсы. Тек 13%-ы ғана қолдайды, ал лейбористер арасында бұл көрсеткіш небәрі 11%. Сонымен қатар, 51%-ы ХАМАС Газада билікте тұрған жағдайда мойындауды мүмкін емес десе, 40%-ы бұл мәселені атысты тоқтатумен және тұтқындарды босатумен байланыстырады. Ал 52%-ы Палестинаны мойындауды «террористерді марапаттау» деп санайды.
Қасиетті мекеннің мәні
Иерусалимнің маңыздылығы оның тек саяси астана ретіндегі мәртебесінде емес. Бұл қала үш ірі әлемдік діннің — иудаизмнің, христиандықтың және исламның қасиетті орны.
Еврейлер үшін — ежелгі ғибадатхананың орны, ұлттық рухани орталық. Христиандар үшін — Иса пайғамбардың өмірі мен қызметімен байланысты қала. Мұсылмандар үшін — әл-Ақса мешіті орналасқан, Мекке мен Мединеден кейінгі үшінші қасиетті мекен.
Осы ерекшеліктің өзі Иерусалимді әлемдік деңгейдегі ең күрделі даулы аймақтардың біріне айналдырып отыр.
Палестинадағы ішкі бөлініс
Палестиналық саяси күштердің өзі Иерусалимнің мәртебесі мен Израильге қатысты әртүрлі ұстанымда. ФАТХ қозғалысы (Батыс жағалауында) Израиль мемлекетін мойындап, екі мемлекет құру идеясын қолдайды. ХАМАС ұйымы (Газа секторында) Израильдің болуына түбегейлі қарсы. Олар бүкіл жер Палестинаға тиесілі болуы керек деп санайды.
Осы ішкі қайшылықтар да бейбіт келісімге жетуді қиындатып отыр.
Қазақстанның позициясы
Қазақстан халықаралық саясатта бейтараптық пен тепе-теңдікке мән береді. Біздің ел БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінде қабылданған қарарларды қолдап, палестиналықтардың өзін-өзі анықтау құқығын мойындайды. Сонымен қатар Израильге қарсы ұстаным танытпайды. Қазақстан Израильмен де дипломатиялық қатынас орнатып, сауда-экономикалық байланыстарды дамытып келеді.
Израиль–Палестина қақтығысы 70 жылдан аса уақыт бойы жалғасып келеді. Бұл тек екі халық арасындағы жанжал емес, халықаралық саясаттың, тарихи әділдіктің, діни сенімнің, ұлттық мүдденің және қауіпсіздіктің тоғысқан жері.
Иерусалим мәселесі — бүкіл әлем үшін қордаланған мәселе. Егер тараптар ортақ шешім таба алса, бұл тек Таяу Шығысқа ғана емес, бүкіл жаһандық тұрақтылыққа оң ықпал етер еді. Бірақ әзірге бұл түйіннің тарқатылар түрі жоқ.
Журналист Ардақ Құлтай

Похожие статьи
«Сәләфизм – біздің дәстүрлі діни жолға қарсы идеология» — Асқар Сабдинмен сұхбат
Қазіргі қазақ әдебиеті заманауи ма және ол қандай құндылықтарды насихаттайды?
8.03.2025, автор Spik.kz.
Жастар және саясат: Қазақстанда Z буыны саясатқа қалай кіреді?
18.09.2025, автор Spik.kz.
Ауғанстан мен Қазақстан: геосаяси мүдделер мен сауда серіктестігі
1.08.2025, автор Spik.kz.
Израиль Газаға басып кіріп, Шығыс Иерусалимді оқшаулау жоспарын бекітті
26.08.2025, автор Spik.kz.