18.09.2025, автор Spik.kz.
АҚШ-тағы шатдаунға бір апта: Трамп пен Конгрестің тартысы үкімет жұмысын тоқтатты

8.10.2025, автор Spik.kz.
RU
KZ
EN
АҚШ Сенаты мемлекеттік шығындарды қаржыландыру туралы келісімге келе алмай, елде шатдаун басталды — мемлекеттік мекемелердің бір бөлігі жабылып, мыңдаған қызметкер ақысыз демалысқа жіберілді. Бұл кейінгі жеті жылдағы алғашқы шатдаун, ал себеп — Трамп әкімшілігі мен Конгрестегі демократтар арасындағы бюджеттік және әлеуметтік саясатқа қатысты келіспеушілік. Шатдаун ұғымы мен оның АҚШ экономикасына деген әсерін айтайық.
Шатдаун неден басталды?
Сенат мемлекеттік шығындарды қаржыландыру туралы екі заң жобасының бірін де қабылдай алмады — демократтардың да, республикалықтардың да нұсқасы өтпеді. Соның салдарынан елде шатдаун басталды, яғни кейбір мемлекеттік мекемелер уақытша жұмысын тоқтатты. Мыңдаған қызметкер ақысыз демалысқа жіберілді. Бұл үкіметтің толық тоқтауы емес, бірақ саясаткерлер бюджетті бекіте алмай, елдің бір бөлігі «үкіметсіз» қалған жағдай.
Ақ үйдің Бюджет және басқару бюросы шатдаун басталғанын растап, оған демократтарды кінәлады. Олар мемлекеттік мекемелерге «жабылуға дайындық жоспарын» іске қосуға тапсырма берді. Бюро демократтар өз ұстанымынан қашан бас тартатыны белгісіз екенін айтып, шатдаун қанша уақытқа созылатынын болжау қиын деді. Әдетте мұндай бюджет даулары АҚШ-та жиі болады, бірақ бұл жолы жағдай шиеленісе түсті, өйткені кейінгі 9 айда Трамп әкімшілігі мемлекеттік шығындар мен қызметкерлер санын үнемі қысқартып келеді.
Басты себеп пен контекст
АҚШ-та үкіметтің жұмысы тоқтауының басты себебі — екі партияның бюджетті бекіте алмай, ортақ шешімге келмеуі. Республикалықтар Конгрестің екі палатасын бақылағанымен, Сенатта заң қабылдауға жететін 60 дауысқа ие емес. Сондықтан демократтар республикалықтардың ұсынысын тоқтатты, өйткені ол қарапайым америкалықтар үшін медициналық сақтандыруды қиындатады деп есептейді. Демократтар медициналық сақтандыруды арзандататын салықтық жеңілдіктерді ұзартуды және Трамп қысқартқан Medicaid бағдарламасын қалпына келтіруді талап етуде. Ал Өкілдер палатасы бұған дейін уақытша қаржыландыру туралы заң жобасын мақұлдаған еді.
Бұл АҚШ-тағы соңғы жеті жылдағы алғашқы шатдаун. Соңғы рет үкімет 2018 жылы, Трамптың алғашқы мерзімінде тоқтаған еді. Дүйсенбіде Трамп Конгрестің екі партиясының жетекшілерімен кездескен, бірақ келісімге келе алмады. Вице-президент Джей Ди Вэнс осы кездесуден кейін шатдаун болу ықтималдығы жоғары деді. Трамп әкімшілігі ешқандай үлкен жеңілдік жасауға дайын емес, әрі сайлаушылар бұл жағдайға демократтарды кінәлайды деп сенеді. Ал демократтар, керісінше, халық олардың медициналық сақтандыруды сақтап қалуға тырысып жатқанын қолдайды деп есептейді.
Жұмыс тоқтап қалмайды, бірақ...
Шатдаун кезінде АҚШ-та барлық мемлекеттік мекеме бірдей жабылмайды: өмірлік маңызды қызметтер — мысалы, шекара күзеті мен әуе қозғалысын басқару — жұмысын жалғастырады, ал кейбір мекемелер, мысалы, Конгресс кітапханасы, уақытша жабылады. Ал Смитсон мұражайлары өткен жылдағы қаржы есебінен әзірге 6 қазанға дейін ашық болады. Еңбек министрлігінің экономика туралы есептері мен басқа да мемлекеттік мәліметтер уақытша тоқтатылуы мүмкін.
Көптеген мемлекеттік қызметкерлер ақысыз демалысқа жіберіледі, тек маңызды қызметкерлер ғана жалақысыз жұмыс істей береді. Бұл азық-түлік көмегі, студенттік несие, балабақша, ұлттық парктер сияқты бағдарламалардың қысқаруына әкеледі. Егер шатдаун ұзаққа созылса, көлік кешігулері мен экономикалық шығындар артады — шамамен күніне 400 миллион доллар жоғалуы мүмкін.
Кейінгі 50 жылда АҚШ-та шатдаундар жиі болып келген. Трамптың алғашқы президенттік мерзімінде үш рет шатдаун болды, оның бірі — ел тарихындағы ең ұзақ, 36 күнге созылып, 2019 жылдың қаңтарында аяқталған. Ол кезде дау Мексика шекарасында қабырға салуға бөлінетін қаржыға байланысты шыққан. Ал Рональд Рейган президент болған кезде үкімет 8 рет тоқтаған, бірақ олардың барлығы қысқа мерзімді болған.
Журналист Ардақ Құлтай

Похожие статьи
Жастар және саясат: Қазақстанда Z буыны саясатқа қалай кіреді?
«Сәләфизм – біздің дәстүрлі діни жолға қарсы идеология» — Асқар Сабдинмен сұхбат
14.08.2025, автор Spik.kz.
Қазіргі қазақ әдебиеті заманауи ма және ол қандай құндылықтарды насихаттайды?
8.03.2025, автор Spik.kz.
Иранда хиджаб міндетті емес пе? Бір шенеуніктің мәлімдемесі не білдіреді және неге әлемдік БАҚ үнсіз қалды
Вчера, 18:15, автор Spik.kz.
Ауғанстан мен Қазақстан: геосаяси мүдделер мен сауда серіктестігі
1.08.2025, автор Spik.kz.