АНАЛИТИЧЕСКИЙ ПОРТАЛ

Bloomberg жариялаған Уиткофф–Ушаков әңгімесі: Трамп командасының Ресеймен құпия байланысы

Bloomberg жариялаған Уиткофф–Ушаков әңгімесі: Трамп командасының Ресеймен құпия байланысы

26.11.2025, автор Spik.kz.

RU KZ EN
АҚШ-тың Bloomberg агенттігі 2025 жылдың қараша айының соңында Дональд Трамптың арнайы елшісі Стив Уиткофф пен Ресей президентінің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков арасында 14 қазанда болған телефон әңгімесінің толық транскрипциясы делінген жазбаны жариялады. Бес минуттық әңгіме Трамптың екінші мерзімі басталмай жатып-ақ Ресеймен тікелей және құпия арна арқылы бейбіт келіссөздердің қарқынды жүргізіліп жатқанын растайды.

Әңгіменің басты мазмұны

Уиткофф әңгімені оптимистік тонда бастайды: «Егер біз орыс-украин мәселесін шешсек, бүкіл әлем қуаныштан бөркін аспанға атады деп ойлаймын».

Ол Путинге мынадай нақты кеңестер береді: Трамп Зеленскийді Ақ үйде қабылдағанға дейін (яғни 17 қазанға дейін) Трамппен телефон арқылы сөйлесу керек. Сондай-ақ әңгімені Газадағы атысты тоқтату келісімінен бастау керек және Трампты «нағыз бейбітсүйгіш» (real peacemaker) деп ашық мақтау қажет. Осыдан кейін «Газадағы сияқты 20 пункттік бейбіт жоспар» ұсынуды сөз ету ұсынылған.

Уиткоффтің сөзінше, бұл жоспардың негізгі элементі – Донецк облысының Ресейге толық берілуі. Ол былай деп ашық айтады: «Мен бейбіт келісімге не керек екенін білемін: Донецк және, бәлкім, басқа жерде аумақ алмасу». Сонымен қатар Уиткофф Ресейдің әрқашан бейбіт келісімді қалағанын, ал Путинге «өте терең құрмет» сезімін білдіреді.

Жазбаға сенсек, Юрий Ушаков бұл ұсыныстарға толық келіседі және Трампты «нағыз бейбітші» деп өзі қайталайды.

Әңгімеден кейінгі оқиғалар тізбегі

16 қазан – Путин мен Трамп телефонмен сөйлеседі (Зеленскийдің Ақ үйге келуінен бір күн бұрын). Трамп бұл әңгімені «өте өнімді» деп бағалайды және Украинаға Tomahawk қанатты зымырандарын жеткізу идеясын біржола жоққа шығарады.

Ал бірнеше аптадан кейін АҚШ тарапы 28 пункттік бейбіт жоспарды ресми түрде ұсынады (Уиткофф айтқан 20 пункт емес, 28 пункт).

Тараптардың реакциясы

Дональд Трамп жарияланымнан кейін журналисттерге: «Мен жазбаны тыңдаған жоқпын, бірақ бұл – келіссөздердің мүлдем стандартты түрі. Бұл соғыс тағы жылдарға созылуы мүмкін, ал Ресейде адам саны әлдеқайда көп, сарбаз саны әлдеқайда көп. Сондықтан егер Украина келісімге келе алса – бұл жақсы. Мен екі жаққа да жақсы деп ойлаймын».

Ақ үйдің коммуникациялар жөніндегі директоры Стивен Чён AFP агенттігіне: «Бұл жарияланым Уиткоффтың Ресей мен Украина өкілдерімен күнде сөйлесіп, бейбітшілікке жету үшін жұмыс істеп жатқанын дәлелдейді. Оны президент Трамп дәл осы үшін тағайындаған».

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков журналист Павел Зарубинге берген сұхбатында «Ресей конфиденциалды әңгімелер туралы ақпаратты «сыртқа шығармайды», мұны екіжақты қарым-қатынасты нашарлату мақсатында басқалар істеп отыр» деп мәлімдеді.

«Мен Уиткоффпен жиі сөйлесемін, бірақ әңгімелердің мәні (олар жабық сипатта болады) туралы пікір білдірмеймін. Ешкім де түсініктеме беруі міндетті емес», – деді ол.

БАҚ-та мұндай ақпарат қайдан пайда болғаны туралы сұраққа президент көмекшісі: «Білмеймін. Біреу жариялап жатыр жатыр, біреу тыңдап жатыр, бірақ ол біз емес», – деп жауап берді.

Зарубин мұндай ақпарат қандай мақсатпен жарияланып жатқанын да сұрады.

«Бізге кедергі жасау үшін. Бұл қарым-қатынасты жақсарту үшін жасалып жатқан жоқ шығар. Қазір қарым-қатынас қалыпқа келіп жатыр, ауыр тиіп жатыр, дәл осы сияқты байланыстар арқылы қалыпқа келіп жатыр», - деп қысқа қайырды Ушаков.

Бұл нені аңғартады?

Bloomberg жариялаған материал Трамп әкімшілігінің Ресеймен құпия дипломатиясының бұрын-соңды болмаған деңгейде белсенді екенін көрсетеді. Уиткоффтың Ушаковқа берген нақты нұсқаулары – Путиннің Трампты қалай мақтауы керек, қандай тон қолдануы керек, қай уақытта қоңырау шалуы керек және Донецктің Ресейге берілуін жоспардың негізгі шарты етіп қою – бұл келіссөздердің қаншалықты үйлестірілген және алдын ала жоспарланғанын анық байқатады.

Америка тарапының бірнеше аптадан кейін ұсынған 28 пункттік жоспары Уиткофф айтқан «Газа үлгісіндегі 20 пункттік жоспардың» тікелей жалғасы әрі кеңейтілген нұсқасы болып отыр. Бұл – Трамп командасының Украинадағы соғысты тоқтатуға бағытталған нақты және агрессивті дипломатиялық науқанының алғашқы құжаттық дәлелі.

Айта кетейік, жазба қалай алынғаны әлі белгісіз, бірақ оның шынайылығы еш тараптан жоққа шығарылмады.

Журналист Ардақ Құлтай

Похожие статьи

Трамп, Зеленский және еуропалық жетекшілер кездесуі: Ақ үй қабырғасында не талқыланды?
20.08.2025, автор Spik.kz.
Женевадағы келіссөздер: Трамп жоспары өзгере ме, Еуропа қандай балама ұсынды?
25.11.2025, автор Spik.kz.
4 күндік қақтығыстың мәні: Таиланд пен Камбоджа келіссөзге келісті
29.07.2025, автор Spik.kz.
Трамп Үндістанды Ресеймен сауда үшін қыспаққа алғысы келді, бірақ...
6.08.2025, автор Spik.kz.
Армения мен Әзербайжан: күтпеген бейбіт саммит Трампқа не береді?
11.08.2025, автор Spik.kz.
SPIK.KZ » Выбор редакции » Bloomberg жариялаған Уиткофф–Ушаков әңгімесі: Трамп командасының Ресеймен құпия байланысы