29.07.2025, автор Spik.kz.
Таиланд–Камбоджа шиеленісі: Трамптың бітімгерлік ісі сөгіле бастады
Вчера, 14:50, автор Spik.kz.
RU
KZ
EN
Таиланд пен Камбоджа арасындағы шекарадағы қарулы қақтығыстар соңғы күндері қауіпті деңгейге жетті. Камбоджа билігі Таиландтың F-16 жойғыштары Самронг қаласына әуе соққысын жасағанын хабарлап, адам шығынының өскенін мәлімдеді. Бұл жағдай екі ел арасындағы ұзақ жылдар бойы шешілмеген шекара дауының жаңа эскалациясына ұласуы мүмкін екенін көрсетеді.
Негізгі салдар: гуманитарлық дағдарыс тереңдеп жатыр
Соңғы мәліметтер бойынша, Камбоджада 7 адам қаза тапты, кемінде 20 адам жараланған. Таиланда жараланғандар саны 29 адамға жеткен. Камбоджада 54,5 мыңнан астам тұрғын үйлерін тастап қашқан. Таиланда 125 мыңнан астам адам эвакуациялық орталықтарға орналастырылған. Бангкок Пномпеньді ПМН-2 тыйым салынған миналарын қолданды деп айыптайды;
Камбоджа Таиландты улы заттар қолданды деп жауап беруде. Камбоджаның Пурсат провинциясында артиллериялық соққылар жалғасып жатыр.
Бұл көрсеткіштер — аймақтағы әскери әрекеттер тек шекара маңындағы әскерилерді ғана емес, мыңдаған азаматты да тікелей қауіпке қалдырып отырғанын білдіреді.
Неліктен қақтығыс ушықты?
Екі ел арасындағы ширығудың түпкі себебі — даулы аумақтағы жер, әсіресе Преах-Вихеар храм кешеніне жақын аймақ. Бұл мәселе 1962 жылғы Халықаралық сот шешіміне қарамастан әлі нақты реттелмеген.
Әдетте шекара дауы әр елдің ішкі саясатында «ұлттық намыстың символы» ретінде пайдаланылады. Қазір Таиланд та, Камбоджа да ішкі саяси қысымға ұшырап отырғандықтан, күш көрсету риторикасы күшейген.
Сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қауіпсіздік архитектурасы соңғы жылдары әлсіреді. Мәселен, Мьянмадағы азаматтық соғыс, Қытайдың аймақтағы ықпалының артуы, АҚШ-Қытай бәсекесі. Бұл фон Таиланд пен Камбоджаға да өз мүдделерін әскери жолмен қорғауға итермелеуі мүмкін.
Қақтығыстың жаңа фазасына өтудің қаупі бар ма?
Ауа соққысы — бұл қақтығыстың бұрынғы кезеңдерінен айырмашылығы. Бұған дейін тараптар көбіне артиллерия мен шекаралық атыстармен шектелетін.
F-16 қатысуы Таиландтың операцияны мақсатты түрде жоспарлағанын және жағдайдың локалды инциденттен кең ауқымды операцияға ұласуы мүмкін екенін көрсетеді. Егер қақтығыс жалғаса берсе, қауіптер деп толыққанды шекаралық соғыс қаупін айтсақ болар. Одан адам шығынының артуы және босқындар дағдарысы, ал кейін аймақтағы басқа ойыншылардың араласуы (Қытай, АСЕАН, АҚШ)
АСЕАН не істей алады?
АСЕАН дәстүрлі түрде бейбіт келіссөздерді қолдайды, бірақ ұйымның ең әлсіз тұсы — қақтығыстарды тоқтатуға нақты механизмнің жоқтығы.
Егер АСЕАН араласпаса, Таиланд пен Камбоджа арасындағы тартыс өз бетінше өрши беруі мүмкін.
Қорытындыласақ, Таиланд пен Камбоджаның арасындағы қақтығыс — жай шекарадағы эпизод емес, бұл тарихи дау, ішкі саяси мүдделер, аймақтағы геосаяси бәсеке тоғысқан, гуманитарлық салдары ауыр дағдарыс. Эскалация жалғасатын болса, Оңтүстік-Шығыс Азияда жаңа «ыстық нүкте» пайда болуы мүмкін.
Журналист Ардақ Құлтай

Похожие статьи
4 күндік қақтығыстың мәні: Таиланд пен Камбоджа келіссөзге келісті
«Сәләфизм – біздің дәстүрлі діни жолға қарсы идеология» — Асқар Сабдинмен сұхбат
14.08.2025, автор Spik.kz.
Ауғанстан мен Қазақстан: геосаяси мүдделер мен сауда серіктестігі
1.08.2025, автор Spik.kz.