14.08.2025, автор Spik.kz.
Иран тағы да қайнап жатыр: Хаменей Ресейге қаша ма?
Сегодня, 15:39, автор Spik.kz.
RU
KZ
EN
Иранда үкіметке қарсы жаппай наразылықтар екінші аптаға ұласты. Бастапқыда ұлттық валюта – риалдың күрт құнсыздануына және күнкөріс қиындауына қарсы басталған акциялар аз уақыт ішінде саяси сипат алып, билікке тікелей қарсылыққа ұласты. Елдің жоғары көшбасшысы аятолла Әли Хаменей бұл толқулар үшін АҚШ президенті Дональд Трампты айыптап отыр. Ал билік жауап ретінде интернетті ел көлемінде өшіріп, ақпарат ағынын шектеуге көшті.
Наразылықтың ауқымы қандай?
Жағдайдың қаншалықты күрделі екенін бейресми деректердің өзі аңғартады. Соңғы мәліметтер бойынша, Иранның барлық 27 провинциясындағы кемінде 92 қалада наразылық акциялары өткен. Тек 9 қаңтарға қараған түні 156 наразылық тіркелген – бұл бір күн бұрынғы көрсеткіштен екі есе көп. Кейінгі ақпараттарда толқулар 111 қала мен елді мекенді қамтығаны айтылады.
Тегеран, Мешхед, Исфахан секілді ірі қалаларда полиция мен наразылар арасында ашық қақтығыстар болды. Әкімшілік ғимараттар өртеліп, кей өңірлерде қауіпсіздік күштері шегінуге мәжбүр болған. Университеттер де бұл толқыннан шет қалған жоқ: Тегерандағы ең ірі жоғары оқу орындарының бірі – Амир Кабир университетінде қорытынды емтихандар бір аптаға шегерілді.
Интернеттің өшуі және ақпараттық тұман
Наразылық өршіген шақта билік бүкіл ел бойынша интернетті өшірді. NetBlocks мониторинг тобының дерегінше, байланыс үзілген жағдай бірнеше күнге созылған. Телефон байланысында да ақаулар тіркелген.
Соның салдарынан Ираннан келіп жатқан ақпарат үзік-үзік, ал бейнежазбалардың шынайылығын тексеру халықаралық БАҚ үшін қиынға соғып отыр.
Қаза тапқандар мен ұсталғандар жөніндегі қарама-қайшы деректер
Құрбандар саны бойынша мәліметтер әртүрлі. Кейде кемінде 22 адам қаза тапқаны және олардың жеке тұлғалары расталғаны айтылады. Ал Иран билігі қауіпсіздік күштерінің алты қызметкері қаза болғанын хабарлады.
Ал Норвегияда орналасқан Iran Human Rights ұйымы қауіпсіздік күштері кемінде 45 наразылық білдірушіні өлтіргенін, олардың ішінде сегіз кәмелетке толмаған бар екенін мәлімдеді. АҚШ-та орналасқан HRANA агенттігінің дерегінше, кемінде 34 наразылыққа қатысушы және қауіпсіздік күштерінің төрт қызметкері қаза тапқан, ал 2200-ден астам адам ұсталған.
Биліктің ұстанымы және Трамп факторы
Аятолла Әли Хаменей халыққа арнаған үндеуінде наразыларды «вандалдар» деп атап, олардың әрекетін шетелдік президентті, яғни Дональд Трампты қуантуға бағытталған деп бағалады. Оның айтуынша, Ислам Республикасы «диверсанттар алдында шегінбейді». Сонымен бірге Хаменей Трамптың «қолы ирандықтардың қанымен былғанғанын» айтып, АҚШ президентінің өзі де тарих сахнасынан кететінін меңзеді.
Иранның қауіпсіздік құрылымдары толқуларды ұйымдастыруда АҚШ пен Израильді айыптады. Ал Трамп, керісінше, егер Иран билігі наразыларды жаппай өлтіруге көшсе, Вашингтон «өте қатаң соққы» жасайтынын ескертті.
Экономикалық себептер: түпкі мәселе қайда?
Сарапшылардың басым бөлігі наразылықтың түпкі себебі – экономика екенін айтады. Соңғы бір жылда иран риалы рекордтық төмен деңгейге түсті, инфляция шамамен 40 пайызға жеткен. Ядролық бағдарламаға байланысты санкциялар, тиімсіз басқару мен жемқорлық экономиканы тұралатып отыр.
28 желтоқсанда Тегеранда дүкен иелерінің валюта бағамының құлдырауына қарсы көшеге шығуы осы толқынның бастауы болды. Кейін оларға студенттер қосылып, наразылықтар елдің басқа аймақтарына тарады. Көшелерде Хаменейге қарсы ұрандар айтылып, кей жерлерде 1979 жылы құлатылған шах әулетінің мұрагері Реза Пехлевиге қолдау білдірілді.
Шетелде тұратын Реза Пехлеви халықты жаппай наразылыққа шақырып, әлем Иранға қарап отырғанын мәлімдеді. Иранның батысындағы күрд аймақтарында да жағдай ушығып, Иракта орналасқан күрд оппозициялық партиялары жалпы ереуіл жариялауға үндеді. Hengaw құқық қорғау тобының дерегінше, күрдтер басым тұратын бірнеше провинцияда кемінде 17 наразылық білдіруші қаза тапқан.
Сарапшылар не дейді?
Chatham House орталығының сарапшысы Санам Вакил наразылықтардың тез арада саясиланып кеткенін және халықтың жүйелі түрде жиналған наразылығының көрінісі екенін айтады. Ал Тегеран университетінің профессоры Садег Зибакалам Иран билігінің салыстырмалы түрде сақ қимылдауына Трамптың қоқан-лоқысы әсер етіп отыр деп есептейді.
Қорытсақ, Ирандағы қазіргі толқулар 2022 жылы Махса Аминидің өлімінен кейінгі жаппай наразылықтардан бергі ең ауқымдысы саналады. Әзірге олар сол кезеңдегідей деңгейге жетпесе де, әлеуметтік-экономикалық дағдарыс пен саяси сенімсіздік сақталып отырғанда, жағдайдың одан әрі ушығу қаупі жоғары. Интернеттің өшуі, ақпараттық оқшаулау және күш қолдану бұл дағдарысты уақытша ғана басуы мүмкін, алайда түпкі себептер шешілмейінше, Иран көшелеріндегі толқынның тоқтауы екіталай.
Журналист Ардақ Құлтай

Похожие статьи
«Сәләфизм – біздің дәстүрлі діни жолға қарсы идеология» — Асқар Сабдинмен сұхбат
Жастар және саясат: Қазақстанда Z буыны саясатқа қалай кіреді?
18.09.2025, автор Spik.kz.
Иранда хиджаб міндетті емес пе? Бір шенеуніктің мәлімдемесі не білдіреді және неге әлемдік БАҚ үнсіз қалды
9.10.2025, автор Spik.kz.
Армения мен Әзербайжан: күтпеген бейбіт саммит Трампқа не береді?
11.08.2025, автор Spik.kz.