14.08.2025, автор Spik.kz.
Сиднейдегі қырғын: Аустралияны есеңгіреткен терактіге кім жауапты?
Вчера, 15:09, автор Spik.kz.
RU
KZ
EN
Аустралия кейінгі 30 жылда болмаған ең ауыр қарулы шабуылдың куәсі болды. 14 желтоқсан күні Сиднейдегі әйгілі Бонди-Бич жағажайында еврей халқының Ханука мерекесін тойлау кезінде қарулы шабуыл жасалып, 15 адам қаза тапты. Тағы ондаған адам жараланды. Ел билігі бұл оқиғаны теракт әрі антисемиттік бағыттағы қасақана шабуыл деп бағалап отыр.
Шабуыл қалай болды?
Жексенбіде кешкі сағат 18:47-де Сидней полициясына Бонди-Бич маңындағы шағын саябақта атыс болып жатқаны туралы хабар түскен. Бұл жерде Chabad of Bondi еврей орталығы ұйымдастырған Ханука мерекесіне мыңнан астам адам жиналған еді. Көпшілігі — балаларымен келген отбасылар.
Ханука — иудаизмдегі маңызды діни мейрам, ол Иерусалимдегі Екінші ғибадатхананың б.з.д. II ғасырда қайта қасиеттелуін еске алу үшін тойланады. Аңыз бойынша, ғибадатханадағы мәшһүр шамшырақты (менора) жағуға жететін май бір күнге ғана жетуі тиіс болған, алайда ол ғажайып түрде 8 күн бойы сөнбей жанған. Осыған байланысты Ханука сегіз күн атап өтіледі: әр кеш сайын арнайы шамшырақ — ханукияда бір-бірден шам жағылады, дұғалар оқылады, отбасылар мен қауымдар жиналып, жарықтың зұлымдықты жеңуін, сенім мен рухани төзімділікті дәріптейді.
Куәгерлердің айтуынша, атыс шамамен 10 минутқа созылған. Кейін желіде жарияланған видеоларда екі адамның жаяу жүргіншілер көпірінен төмендегі адамдарға қарай оқ жаудырғаны анық көрінеді. Тағы бір видеода көпірден түскен қарулы адамның артынан бір ер адамның білдіртпей келіп, қаруын тартып алғаны байқалады.
Күдіктілер әке мен бала болып шықты
Полиция шабуылды жасағандар — әке мен бала екенін мәлімдеді. 50 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмған, ал оның 24 жастағы ұлы ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Қазір ол өмір мен өлім арасында жатыр.
Сөйтсек әкесі 2015 жылдан бері AB санатындағы қару лицензиясына ие болған. Бұл лицензия ұзын ұңғылы аңшылық қаруды иеленуге мүмкіндік береді. Ол — атыс клубының мүшесі болған және заң талаптарына толық сай келген. Ішкі істер министрі Тони Берк шабуылдаушының 1998 жылы Аустралияға студенттік визамен келгенін, ал ұлының осы елде туған, яғни Аустралия азаматы екенін нақтылады.
Полиция шабуылдаушыларға тиесілі болуы мүмкін көліктен қолдан жасалған жарылғыш заттар табылғанын да хабарлады. Бұл шабуылдың алдын ала жоспарланғанын аңғартады.
Қанша адам зардап шекті?
Соңғы дерек бойынша, 15 адам қаза тауып, 40-тан астам адам ауруханада жатыр. Жараланғандардың арасында екі полицей бар, құрбандардың жасы 10 жастан 87 жасқа дейін.
Қаза тапқандардың бірі — Ұлыбританияда туған раввин Эли Шлангер. Ол бес баланың әкесі болған. Туыстары оны «өмірге құштар, ашық-жарқын адам» деп сипаттайды.
«100 пайыз батыр»: қарулы адамды тоқтатқан кім?
Қанды оқиға кезінде атыс қаруын тартып алып, бір шабуылдаушыны тоқтатқан адам — 43 жастағы жергілікті тұрғын, екі баланың әкесі, жеміс дүкенінің иесі Ахмед әл-Ахмед болып шықты. Ол оқ жарақатын алғанымен, өміріне қауіп жоқ.
Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының премьері Крис Миннс оны «нағыз қаһарман» деп атап: «Осы адамның батылдығының арқасында көптеген адам аман қалды», — деді.
Мерекелік шара маңында темір қоршау орнатылып, кіру-шығу бақылауда болғанымен, қауіпсіздік шаралары тым қатал болмаған. Ал атыс дәл сол аумақтың жанындағы көпірден жасалған. Бұл — қоғамдық шаралардағы қауіпсіздік жүйесіне қатысты күрделі сұрақтар туындатып отыр.
Саясаттағы реакция
Аустралия премьер-министрі Энтони Альбанезе Бонди-Бичке барып, қаза тапқандарды еске алды. Ол бұл шабуылды: «Аустралия үшін қаралы күн. Бұл — таза зұлымдықтың, антисемитизм мен терроризмнің көрінісі», — деп сипаттады.
Оқиғаға АҚШ президенті Дональд Трамп та үн қатты. Оның айтуынша, бұл — «анық антисемиттік шабуыл». Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Аустралияның Палестина мемлекеттілігін қолдауы антисемитизмнің күшеюіне ықпал еткенін мәлімдеді.
Айта кету керек, бұған дейін, тамыз айында Аустралия билігі Иранды антисемиттік шабуылдарды ұйымдастыруға қатысы бар деп айыптап, Тегеран елшісін елден шығарған болатын.
Осылайша, Сиднейдегі бұл қырғын Аустралияның өзін қауіпсіз санап келген қоғамдық кеңістіктерінің де енді осал екенін көрсетті. Заңды қару иелену, экстремизмнің радикалдануы, діни өшпенділік пен халықаралық саясаттың ішкі қауіпсіздікке әсері — осы оқиға аясында қайта қаралуы тиіс мәселелер.
Бонди-Бичтегі Ханука мерекесі тек бір қауымға емес, бүкіл Аустралия қоғамына жасалған шабуыл ретінде тарихта қалмақ.
Журналист Ардақ Құлтай

Похожие статьи
«Сәләфизм – біздің дәстүрлі діни жолға қарсы идеология» — Асқар Сабдинмен сұхбат
Женевадағы келіссөздер: Трамп жоспары өзгере ме, Еуропа қандай балама ұсынды?
24.11.2025, автор Spik.kz.
Жастар және саясат: Қазақстанда Z буыны саясатқа қалай кіреді?
18.09.2025, автор Spik.kz.
Қазіргі қазақ әдебиеті заманауи ма және ол қандай құндылықтарды насихаттайды?
8.03.2025, автор Spik.kz.
4 күндік қақтығыстың мәні: Таиланд пен Камбоджа келіссөзге келісті
29.07.2025, автор Spik.kz.