АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Автор Spik.kz
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«CyberLegal.Lab» ЖШС https://spik.kz/ сайтында 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін интернет-алаңды ұсынудың жалпы шарттары, тəртібі жəне ақы мөлшері туралы
«CyberLegal.Lab» ЖШС https://spik.kz/ сайтында 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін интернет-алаңды ұсынудың жалпы шарттары, тəртібі жəне ақы мөлшері туралы
«CyberLegal.Lab» ЖШС меншік иелігіндегі https://spik.kz/ интернет-басылымы (бұдан əрі - Сайт) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сəйкес 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін интернет-алаңдарды беру шарттары, тəртібі жəне ақы мөлшері туралы хабарлайды.
Сайлау алдындағы үгіт 2026 жылғы 23 шілдеде сағат 18:00-де басталып, 2026 жылғы 22 тамызда сағат 00:00-де аяқталады. Осыған байланысты сайлау алдындағы үгіт материалдары Сайтта заңнамада белгіленген мерзімдерде ғана орналастырылады.
Сайт интернет-алаңды саяси партияның жазбаша өтініші жəне Сайттың меншік иесі мен саяси партияның уəкілетті өкілі арасында жасалған шарт негізінде ұсынады. Үгіт материалдарының көлемі, орналастыру мерзімі, саны жəне өзге де талаптар саяси партияның жазбаша өтінішінде көрсетіліп, кейіннен шартта бекітіледі.
Өтініштер олардың келіп түсу кезектілігі бойынша тіркеледі. Əрбір өтінішке тіркеу нөмірі беріліп, өтініштердің тіркеу журналында тіркелген күні көрсетіледі.
Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1. Саяси партияны тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
2. Саяси партияның атынан əрекет етуге уəкілеттік берілген тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат;
3. Өтініш берген тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесі;
4. Шарт жасауға қажетті өзге де құжаттар.
Саяси партиялардың үгіт материалдарын Сайтта орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен айқындалады. Бір мезгілде бірнеше өтініш келіп түскен жағдайда кезектілік жеребе арқылы анықталады. Жеребе өткізу тəртібін Сайт белгілейді.
Үгіт материалдары жарияланатын күнге дейін кемінде 1 (бір) жұмыс күні бұрын ұсынылуы тиіс.
Ұсынылатын үгіт материалдарында Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген міндетті мəліметтер, оның ішінде материалды ұсынушы туралы жəне қаржыландыру көзі туралы ақпарат көрсетілуі тиіс.
Саяси партиялар ұсынылған үгіт материалдарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, оның ішінде авторлық құқық жəне сабақтас құқықтар туралы заңнамаға сəйкестігі үшін дербес жауапты болады.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген шарттар мен тəртіп, сондай-ақ жасалған шарт талаптары сақталмаған жағдайда Сайт үгіт материалдарын орналастырудан бас тартуға немесе анықталған заң бұзушылықтар жойылғанға дейін олардың жариялануын тоқтатуға құқылы.
Егер үгіт материалдарында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, мемлекеттің тұтастығын бұзуға, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге, əлеуметтік, ұлттық, нəсілдік, діни немесе өзге де араздықты қоздыруға бағытталған үндеулер, зорлық-зомбылық пен қатыгездікті насихаттайтын материалдар немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін өзге де мəліметтер қамтылса, сондай-ақ азаматтардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болса, Сайт мұндай материалдарды орналастырудан бас тартуға құқылы.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген интернет-алаңдарды беру шарттары мен тəртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына жəне уəкілетті мемлекеттік органдардың талаптарына сəйкес өзгертілуі мүмкін.
Үгіт материалдарын Сайтта орналастыру құны
Дайын үгіт материалы
Көлемі: 5 000 белгіге дейін.
Құны: 300 000 теңге.
Дайын үгіт материалы
Көлемі: 5 001-ден 8 000 белгіге дейін.
Құны: 400 000 теңге.
Үгіт мақаласын дайындау жəне орналастыру
Көлемі: 8 000 белгіге дейін.
Құны: 600 000 теңге.
Саяси партия өкілімен сұхбат дайындау жəне орналастыру
Көлемі: 10 000 белгіге дейін.
Құны: 700 000 теңге.
Талдамалық материалды/лонгридті дайындау жəне орналастыру
Көлемі: 12 000 белгіге дейін.
Құны: 800 000 теңге.
Баннер
Орналастыру орны: сайттың басты беті.
Орналастыру мерзімі: 7 күнтізбелік күн.
Құны: 250 000 теңге.
Баннер
Орналастыру орны: сайт материалдарының ішінде.
Орналастыру мерзімі: 7 күнтізбелік күн.
Құны: 180 000 теңге.
Редакцияның бір əлеуметтік желісінде жарияланымды қайталау
Құны: 100 000 теңге.
Редакцияның бірнеше əлеуметтік желісінде жарияланымды қайталау
Құны: 150 000 теңге.
«Жарияланым + əлеуметтік желілер» пакеті
Құны: 700 000 теңге.
Сайлау науқаны барысында үш жарияланымнан тұратын пакет
Құны: 1 650 000 теңге.
Сайлау науқаны барысында бес жарияланымнан тұратын пакет
Құны: 2 500 000 теңге.
Барлық материалдарда «Материалды орналастыру ақысы төленген» деген белгі қойылады.
Шарт бойынша үгіт материалдарын орналастыру ақысы Сайт ұсынған төлем шоты негізінде шот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде төленуге тиіс.
Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына қатысатын саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру туралы жазбаша өтініштері жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады. Байланыс телефондары: 8 (777) 134-44-65, 8 (701) 728-22-26.
https://spik.kz/ интернет-басылымы. Меншік иесі - «CyberLegal.Lab» ЖШС. БАҚ куəлігі №KZ14VPY00092024, 2024 жылғы 26 сəуір.
Бас редактор - Жеңіс Дәрменов, бас редактордың орынбасары - Сәуле Исабаева.
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 19К корпусы, 3Б, 5-қабат.
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
Об общих условиях, порядке и размере оплаты за предоставление интернет-площадки на сайте https://spik.kz/ ТОО «CyberLegal.Lab» для размещения предвыборных агитационных материалов политических партий на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан, назначенных на 23 августа 2026 года
Об общих условиях, порядке и размере оплаты за предоставление интернет-площадки на сайте https://spik.kz/ ТОО «CyberLegal.Lab» для размещения предвыборных агитационных материалов политических партий на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан, назначенных на 23 августа 2026 года
Интернет-издание https://spik.kz/ (далее - Сайт), принадлежащее ТОО «CyberLegal.Lab», в соответствии с Конституционным законом Республики Казахстан «О выборах в Республике Казахстан» сообщает об условиях, порядке и размере оплаты за предоставление интернет-площадки для размещения предвыборных агитационных материалов политических партий на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан, назначенных на 23 августа 2026 года.
Предвыборная агитация начинается 23 июля 2026 года в 18:00 часов и завершается 22 августа 2026 года в 00:00 часов. В связи с этим предвыборные агитационные материалы размещаются на Сайте исключительно в сроки, установленные законодательством Республики Казахстан.
Интернет-площадка предоставляется на основании письменного обращения политической партии и договора, заключенного между владельцем Сайта и уполномоченным представителем политической партии. Объем, сроки размещения, количество агитационных материалов и иные условия указываются в письменном обращении политической партии и закрепляются в договоре.
Поступившие письменные обращения регистрируются в порядке очередности их поступления. Каждому обращению присваивается регистрационный номер с указанием даты регистрации.
К письменному обращению прилагаются следующие документы:
1. Копия документа, подтверждающего регистрацию политической партии;
2. Документ, подтверждающий полномочия представителя политической партии;
3. Копия документа, удостоверяющего личность лица, подавшего обращение;
4. Иные документы, необходимые для заключения договора.
Очередность размещения агитационных материалов политических партий определяется в порядке поступления письменных обращений. В случае одновременного поступления нескольких обращений очередность определяется путем жеребьевки. Порядок проведения жеребьевки устанавливается Сайтом.
Агитационные материалы должны быть представлены не позднее чем за 1 (один) рабочий день до даты их размещения.
Представляемые агитационные материалы должны содержать обязательные сведения, предусмотренные законодательством Республики Казахстан, включая информацию о лице, предоставившем материал, и об источнике его финансирования.
Политические партии несут самостоятельную ответственность за соответствие содержания представленных агитационных материалов требованиям законодательства Республики Казахстан, в том числе законодательства об авторском праве и смежных правах.
В случае нарушения условий и порядка, указанных в настоящем информационном сообщении, а также условий заключенного договора, Сайт вправе отказать в размещении агитационных материалов либо приостановить их публикацию до устранения выявленных нарушений.
Сайт вправе отказать в размещении агитационных материалов, если они содержат призывы к насильственному изменению конституционного строя Республики Казахстан, нарушению территориальной целостности государства, подрыву национальной безопасности, разжиганию социальной, национальной, расовой, религиозной или иной розни, пропаганде жестокости и насилия, иные сведения, противоречащие законодательству Республики Казахстан, а также информацию, порочащую честь, достоинство или деловую репутацию граждан.
Условия и порядок предоставления интернет-площадки, указанные в настоящем информационном сообщении, могут быть изменены в соответствии с законодательством Республики Казахстан и требованиями уполномоченных государственных органов.
Стоимость размещения агитационных материалов на Сайте
Готовый агитационный материал
Объем: до 5 000 знаков.
Стоимость размещения: 300 000 тенге.
Готовый агитационный материал
Объем: от 5 001 до 8 000 знаков.
Стоимость размещения: 400 000 тенге.
Подготовка и размещение агитационной статьи
Объем: до 8 000 знаков.
Стоимость размещения: 600 000 тенге.
Подготовка и размещение интервью с представителем политической партии
Объем: до 10 000 знаков.
Стоимость размещения: 700 000 тенге.
Подготовка и размещение аналитического материала/лонгрида
Объем: до 12 000 знаков.
Стоимость размещения: 800 000 тенге.
Баннер
Место размещения: главная страница сайта.
Период размещения: 7 календарных дней.
Стоимость: 250 000 тенге.
Баннер
Место размещения: внутри материалов сайта.
Период размещения: 7 календарных дней.
Стоимость: 180 000 тенге.
Дублирование публикации в одной социальной сети редакции
Стоимость: 100 000 тенге.
Дублирование публикации в нескольких социальных сетях редакции
Стоимость: 150 000 тенге.
Пакет «Публикация + социальные сети»
Стоимость: 700 000 тенге.
Пакет из трех публикаций в течение избирательной кампании
Стоимость: 1 650 000 тенге.
Пакет из пяти публикаций в течение избирательной кампании
Стоимость: 2 500 000 тенге.
Все материалы сопровождаются пометкой «Материал размещен на правах оплаченной публикации».
Оплата за размещение агитационных материалов производится на основании счета, выставленного владельцем Сайта, в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня его выставления.
Письменные обращения политических партий, участвующих в выборах депутатов Курултая Республики Казахстан, по вопросам размещения предвыборных агитационных материалов принимаются в рабочие дни с 09:00 до 18:00. Телефоны для контактов: 8 (777) 134-44-65, 8 (701) 728-22-26.
Интернет-издание https://spik.kz/. Собственник - ТОО «CyberLegal.Lab». Свидетельство СМИ №KZ14VPY00092024 от 26 апреля 2024 года.
Главный редактор - Женис Дарменов, заместитель главного редактора - Сауле Исабаева.
Адрес: Республика Казахстан, г. Алматы, пр.Аль-Фараби, зд.19К, 3Б, 5 этаж.
Наша редакция участвует в партнёрской сети «Все СМИ».