Аналитический портал

«Әділет» партиясы Өскеменде зияткерлік ойын әуесқойларының басын қосты

«Әділет» партиясы Өскеменде зияткерлік ойын әуесқойларының басын қосты

Автор Spik.kz

Өскемен қаласында танымал зияткерлік «қазақша квиздің» кезекті ойыны өтті. Бірнеше жылдан бері бұл формат өңірдің әр ауданындағы зияткерлік ойын әуесқойларының кездесулерін өткізіп, бастарын біріктіріп келеді.

Бұл жолы 14 команда бақ сынап, ең мықты команданы анықтады. Қатысушылар өздерінің білім-білігін, тапқырлығын және командада жұмыс істеу қабілетін көрсетті. Ойын тартысты әрі эмоцияға толы болды. Жеңімпазды анықтау қиынға соқты. Ойын соңына дейін командалар бір-біріне дес бермеді.
«Әділет» партиясы Өскеменде зияткерлік ойын әуесқойларының басын қосты

Квиз қорытындысы бойынша бірінші орынды «Park City» командасы иеленді. Екінші орын «МЧ Бұқар жырау» командасына бұйырса, үшінші орынға «IQайла» командасы жайғасты.

Ойын басталар алдында «Әділет» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабының төрағасы, Құрылтай депутаттығына кандидат Жанат Мекеева қатысушыларға сәттілік пен көтеріңкі көңіл-күй тіледі. Сондай-ақ ол «Әділет» партиясының 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарына тоқталды.

Бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі — адам әлеуетін дамыту. Партия қоғам өміріндегі мәдениеттің рөлін арттыруға, креативті индустрия мен шығармашылық бастамаларды қолдауға, сондай-ақ азаматтардың қабілеті мен идеяларын жүзеге асыруына жағдай жасауға ерекше мән береді.

«Мәдениет пен креативті индустрия— ұлттық бірегейлікті қалыптастырудың маңызды құрамдас бөлігі ғана емес, сонымен қатар өңірлердің экономикалық дамуына қосымша серпін бере алатын бағыттар. Сондықтан адами капиталды дамыту — біздің басты басымдықтарымыздың бірі» — деді Жанат Мекеева.

Кездесу соңында қатысушыларға 23 тамызда өтетін сайлаудың ел болашағы үшін қаншалықты маңызды екендігі айтылды. Сонымен қатар әр азаматты сол күні сайлау учаскесіне барып, азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырды.


Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Изготовлено:
Пресс-служба партии «Әділет».
Оплачено из средств избирательного фонда ОО «Партия «Әділет».
Заказчик: Минжасаров Н.Т.
Наша редакция участвует в партнёрской сети «Все СМИ».